Қазақша аудармасы
Яхия ибн Сағид мына риуаятты жеткізеді: «Бір адам Әбу Мұса әл-Әшғариден: “Әйелімнің емшегін еміп, ішіме сүт кетті. Мұның үкімі қандай?” – деп сұрады. Әбу Мұса: “Меніңше, ол әйел саған харам болған”, – деді. Сонда Абдуллаһ ибн Масғуд: “Бұл адамға қалай пәтуа беріп тұрғаныңа абай бол”, – деді. Әбу Мұса: “Бұл жөнінде сен не дейсің?” – деп сұрады. Ибн Масғуд: “Ему тек екі жылдың ішінде ғана есепке алынады”, – деді. Осыдан кейін Әбу Мұса: “Араларыңда осындай үлкен ғалым тұрғанда, менен ештеңе сұрамаңдар”, – деді»1.
- 1Әбу Омар былай дейді: «Бұл хадистің иснадында үзіліс бар, алайда өзге түрлі жолдармен иснады жалғасып жеткен».