Қазақша аудармасы
Яхия ибн Сағид былай деп баяндайды: «Алла елшісі (с.а.с.) жамағатты намазға жинау үшін екі ағашты бір-біріне соғуды қалаған еді. Сол күндері Абдуллаһ ибн Зәйд әл-Ансари (р.а.) түсінде екі ағаш көріп: “Бұлар Алла елшісі (с.а.с.) қалаған ағаштарға ұқсайды”, – деді. Оған: “Намаз үшін азан шақырмайсыңдар ма?” – делінді. Ол оянған соң Алла елшісіне (с.а.с.) келіп, түсін айтып берді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.) азан шақыруды бұйырды1».
- 1Әбу Дәуіт, «Намаз», 2/28; Тирмизи, «Намаз», 2/25; Ибн Мәжа, «Азан», 3/1.