Қазақша аудармасы
Сағид ибн әл-Мусәйябтан былай риуаят етілді: «Далада намаз оқыған адамның оң жағында бір періште, сол жағында бір періште онымен бірге намаз оқиды. Егер азан айтып, қамат түсірсе немесе тек қамат түсіріп намаз оқыса, артында таудай періштелер де тұрып намаз оқиды, яғни сауабын соған бағыштайды1».
- 1Бұл – мәрфуғ үкіміндегі мурсал хадис. Өйткені мұндай сөз жеке пікірге сүйеніп айтылмайды. Маусул әрі мәрфуғ түрде де риуаят етілген.