Хадис

Муатта, № 6

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
31. Ішімдіктер мен сусындар
бап
2. Ішіне шыра тұндыруға тыйым салынған ыдыстар
Нөмірі
№ 6 (кітап ішіндегі рет реті)
6
Муатта, 31-кітап, № 6
Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі (с.а.с.) асқабақтан жасалған және ішіне қарамай жағылған ыдыстарға шыра тұндыруға тыйым салды», – деген1.

  1. 1Муслим, «Әшриба», 36/6, № 31–32. Бұл ыдыстардағы шыра тез ашып, мас ететін сусынға айналатындықтан, оларға тыйым салынған. Ішімдікке алғаш тыйым салынған кезде, бұрын шарап құйылып жүрген бұл ыдыстарға оның иісі сіңіп қалған еді. Ішіне тұндырылған шыра тез ашып, шарапқа айналатын. Мұндай ыдыстарды қолдандырмау арқылы ішімдіктің өзін де ұмыттыру көзделген. Кейін ішімдік біржола тасталып, ыдыстардан оның ізі кеткен соң, оларды қолдануға рұқсат берілген. Бұған ұқсас жағдай – қабір зияраты. Алла елшісі (с.а.с.) пұттарға табынуға дағдыланған ерлер мен әйелдерге тастар мен пұттарды еске түсіретін қабірлерді зиярат етуге әуелі тыйым салған. Пұттар мүлде ұмытылғаннан кейін қабір зияратын еркін қалдырған.