Сәиб ибн Язид былай дейді: «Омар ибн Хаттаб (р.а.) бізге келіп: “Пәленшеден ішімдіктің иісін сездім. Өзі оны қайнатылған жүзім шырыны деп отыр. Не ішкенін сұрастырып, анықтаймын. Мас ететін сусын болса, дүре соқтырамын”, – деді. Сұрастырып, оның ішімдік екенін анықтаған соң, оған сексен дүре соқты»1. (Шәйбани, 709).
- 1Бұхари, «Әшриба», 74/10; Шәйбани, 709. Ханафи және шафиғи мәзһабтары бойынша, бойынан шараптың иісі сезілген адамның ішімдік ішкені өзінің мойындауы немесе екі куәнің айғағы арқылы дәлелденбейінше, оған хад жазасы қолданылмайды. Ал мәлики және ханбали мәзһабтары бойынша, мұндай жағдайда хад жазасы қолданылады.