Махмұд ибн Ләбид әл-Ансаридің жеткізуінше, Омар ибн Хаттаб Шамға келгенде, жергілікті халық ауаның ауырлығына және обаға шағымданып: «Бізге тек мына ішімдік қана шипа болады», – деді. Омар (р.а.): «Мына бал шәрбатын ішіңдер», – дегенде, олар: «Бал бізге шипа болмайды», – деді. Араларынан біреуі: «Осы сусынды мас қылмайтындай етіп дайындап бергенімізді қалайсыз ба?» – деп сұрады. Омар: «Иә», – деді. Олар сусынды үштен екісі буланып, үштен бірі қалғанша қайнатып, оған әкелді. Омар (р.а.) саусағын шәрбатқа батырып, қайта шығарғанда, ол созылып тұрды. Сонда: «Бұл – қайнатылып қоюланған жүзім шырыны. Түйеге жағылатын қарамай секілді қоюланыпты», – деп, ішуге рұқсат берді. Убада ибн Самит: «Уаллаһи, мұны сен халал еттің», – дегенде, Омар: «Жоқ, уаллаһи!» – деді де: «Уа, Алла! Сен бұларға харам еткен ешбір нәрсені халал етпеймін. Сен халал еткен ешбір нәрсені де харам етпеймін», – деп дұға етті1.
- 1Шәйбани, 721.