Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Кім бұл дүниеде шарап ішіп, тәубе етпесе, ақыретте жаннат шарабынан мақұрым қалады», – деген1.
- 1Муслим, «Әшриба», 36/8, № 76; Шәйбани, 715. Шараптың харам екенін жоққа шығарып, оны халал санап ішкен адам діннен шығады. Ал халал санамай ішкен адам діннен шықпайды, бірақ харам істі жасағандықтан, үлкен күнә арқалайды. Сол үлкен күнәдан арылуы үшін тәубе етуге тиіс. Хадистен тәубе етпей қайтыс болған адамның жаннат шарабынан мақұрым қалатынын білеміз.