Хадис

Муатта, № 10

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
31. Ішімдіктер мен сусындар
бап
4. Шараптың харам етілуі
Нөмірі
№ 10 (кітап ішіндегі рет реті)
10
Муатта, 31-кітап, № 10
Қазақша аудармасы

Ата ибн Ясардың жеткізуінше, Алла елшісінен (с.а.с.) тарыдан жасалған сусынның үкімі сұралды. Ол: «Онда қайыр жоқ», – деп, оны ішуге тыйым салды1.

Имам Мәлик былай дейді: «Зәйд ибн Әсләмнен: “Ғубәйра деген не?” – деп сұрадым. Ол: “Үскүркә, яғни хабаштардың тарыдан жасайтын шарабы”, – деп жауап берді»2.

  1. 1Мурсал хадис. Ибн Абдулбәр былай дейді: «Ибн Уәһб оны Мәлик – Зәйд – Ата – Ибн Аббас тізбегімен муснад түрде риуаят етеді. Мәликтен бұл хадисті муснад түрде жеткізген жалғыз адам ретінде Ибн Уәһбті білемін».
  2. 2Шәйбани, 712. Тарыдан жасалған сусынның үкімі де бал шәрбатының үкіміне ұқсайды. Ашып, күшейіп, көбігін шығарып, мас ететін күйге жетсе, оны ішу харам. Ал олай болмаса, ішу халал әрі жәйіз.