Қазақша аудармасы
Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.) Мәдина халқы үшін: «Уа, Алла! Олардың өлшемдеріне береке бер. Сағтары мен мүддтерін берекелі ет», – деп дұға етті1.
- 1Бұхари, «Буюғ», 34/53; Муслим, «Хаж», 15/85, № 465. Сағ – 1040 дирхам, яғни 2176 грамм дән сиятын өлшем. Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Мәдина халқының сағтары мен мүддтерін берекелі ет», – дегені осы өлшемдермен өлшенетін азық-түлікке береке беруді білдіреді. Бұл жерде ауыспалы мағына қолданылған. Осыдан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ойды жеткізудегі шешендігі көрінеді.