Қазақша аудармасы
Зүбәйр ибн Аууамның азат еткен құлы Юханнес былай дейді: «Фитна, яғни аласапыран кезінде Абдуллаһ ибн Омардың (р.а.) жанында отырған едім. Оның азат еткен бір күңі келіп, сәлем берді де: “Уа, Әбу Абдуррахман! Мәдинадан кеткім келеді. Аштықтан қиналып жүрміз”, – деді. Ол: “Отыр, ей, ақылсыз! Мен Алла елшісінің (с.а.с.): ‘Мәдинаның машақаты мен қиындығына сабыр еткен адамға қиямет күні міндетті түрде шапағатшы немесе куә боламын’, – дегенін естідім”, – деді»1.
- 1Муслим, «Хаж», 15/85, № 482. Бұл хадис Мәдинада тұрудың және ондағы машақат пен қиындыққа төзудің сауапты әрі артықшылыққа ие іс екенін көрсетеді. Алла елшісінің (с.а.с.) Мәдина халқына куә немесе шапағатшы болуы былай түсіндірілген: ол олардың бір бөлігіне куә, екінші бөлігіне шапағатшы болады. Яғни күнәһарларға шапағат етеді, бойсұнғандарға куә болады. Немесе өзі өмір сүрген заманда қайтыс болғандарға куә, кейін қайтыс болғандарға шапағатшы болады деген мағынада.