Қазақша аудармасы
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайы әзірет Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) жанында отырғанымда, бір адам кіруге рұқсат сұрады. Алла елшісі (с.а.с.): “Ол – тайпасының ең жаман ұлы”, – деді де, кіруіне рұқсат берді. Көп ұзамай оның әлгі адаммен күліп сөйлесіп отырғанын естідім. Адам шығып кеткен соң: “Уа, Расулалла! Бағана ол туралы айтатыныңызды айттыңыз. Артынша онымен күліп сөйлестіңіз”, – дедім. Алла елшісі (с.а.с.): “Адамдардың ең жаманы – жұрт жамандығынан сақтану үшін өзін аулақ ұстайтын адам”, – деді»1.
- 1Суфиян ибн Уяйна – Мұхаммед ибн Мүнкәдир – Уруа – Айша тізбегімен риуаят етілген: Бұхари, «Әдеп», 78/8; Муслим, «Әдеп», 45/22, № 73.