Имам Мәлик Мұғаз ибн Жәбәлдің (р.а.): «Йеменге әкім болып аттанарымда, аяғымды үзеңгіге қойған сәтте Алла елшісінің (с.а.с.) маған айтқан соңғы өсиеті: “Уа, Мұғаз ибн Жәбәл! Адамдарға көркем мінез көрсет”, – деген сөз болды», – дегенін жеткізген1.
- 1Бұл – иснады жалғасқан нұсқасы «Муваттадан» өзге жинақтардан табылмаған төрт хадистің бірі. Алайда мұның Мәликтің беделіне нұқсан келтірмейтінін Суфиян ибн Уяйнаның мына сөзі аңғартады: «Мәлик “Маған жетті” деген сөзбен риуаят еткен хадис сахих болады. Оның “Бәләғани”, яғни “Маған жетті” деуі – иснадтың сахих екенінің белгісі». Кейінгі ғалымдардың оның иснады жалғасқан нұсқасын таппауы Мәликке нұқсан келтірмейді. Бәлкім, ол оларға жетпеген кітаптарда иснады жалғасқан түрде бар шығар.