Қазақша аудармасы
Яхия ибн Сағид былай дейді: «Сағид ибн Мүсәйябтың: “Сендерге көп намаз оқып, садақа беруден де артық бір істі айтайын ба?” – дегенін естідім. Жұрт: “Иә, айтыңыз”, – деді. Ол: “Екі адамның арасын түзеп, ренжіскендерді жарастыру. Сондай-ақ қатты өшпенділіктен сақтаныңдар. Өйткені ол ізгі қасиеттерді түп-тамырымен жояды”, – деді»1.
- 1Мәликтен жеткізген барлық рауи мұны мауқуф түрде риуаят еткен.