Қазақша аудармасы
Әбу Муслим Абдуллаһтың ұлы Ата әл-Хорасанидің жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Мұсафаха етіңдер, яғни қол алысыңдар, сонда араларыңдағы кек кетеді. Бір-біріңе сыйлық беріңдер, сонда бір-біріңді жақсы көріп, араларыңдағы дұшпандық жойылады», – деген1.
- 1Ибн Абдулбәр бұл хадистің әртүрлі жолмен иснады жалғасқан түрде жеткенін және олардың бәрі хасан екенін айтқан.