Хадис

Муатта, № 15

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
34. Көркем мінез
бап
4. Ренжісіп, араны суытпауға қатысты хадистер
Нөмірі
№ 15 (кітап ішіндегі рет реті)
15
Муатта, 34-кітап, № 15
Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Су-и заннан, яғни мұсылман туралы орынсыз жаман ойлаудан сақтаныңдар. Өйткені мұндай күдік – сөздің ең жалғаны. Бір-біріңнің жасырын жайларың мен кемшіліктеріңді қазбаламаңдар. Бір-біріңмен бақталаспаңдар, қызғанбаңдар, өшпенділік қылмаңдар, теріс айналмаңдар. Уа, Алланың құлдары, бауыр болыңдар!» – деген1.

  1. 1Бұхари, «Әдеп», 78/58; Муслим, «Бирр», 45/9, № 28.