Қазақша аудармасы
Ата ибн Ясардың жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Құл ауырғанда, Алла Тағала оған екі періште жіберіп: “Көңілін сұрап келгендерге не айтып жатқанын қараңдар”, – дейді. Науқас көңілін сұрай келгендерге Аллаға мадақ айтып, шүкіршілік білдірсе, періштелер мұны бәрін білуші, аса үстем әрі ұлы Аллаға жеткізеді. Сонда Алла: “Бұл құлымның жанын алсам, жаннатқа кіргіземін. Ал сауықтырып, шипа берсем, аурудан жоғалтқан еті мен қанынан да қайырлысын беріп, күнәларын кешіремін”, – дейді», – деген1.
- 1Ибн Абдулбәр Аббад ибн Кәсир әл-Мәкки жолымен иснады жалғасқан түрде жеткізген.