Қазақша аудармасы
Әбу Мұса әл-Әшғариден (р.а.) риуаят етілген: Алла елшісі (с.а.с.): «Нарды ойнаған адам Аллаға және Оның елшісіне қарсы келген болады», – деген.1
Алла елшісінің (с.а.с.) жұбайы Айшаға (р.а.) өз үйінде тұратын отбасы мүшелерінің қолында нарды бар екені хабарланды. Ол мұны жақтырмай, оларға: «Егер оны, яғни нардыны, шығарып тастамасаңдар, өздеріңді үйімнен шығарамын», – деп хабар жіберді.
- 1Әбу Дәуіт, Әдәб, 40/56. Хаким бұл хадисті Бұхари мен Мүслимнің шарттарына сай сахих деп бағалаған. Зәһәби де бұл пікірді қабылдаған.