Хадис

Муатта, № 16

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
4. Намаз
бап
4. Намазды бастағанда тәкбір айтып, қолды құлақ тұсына дейін көтеру
Нөмірі
№ 16 (кітап ішіндегі рет реті)
16
Муатта, 4-кітап, № 16
Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) намазға тұрған кезде қолдарын құлақтарының тұсына дейін көтеретін. Рукуғтан басын көтергенде де қолдарын көтеріп: “Сәмиаллаһу лимән хамидаһ, Раббәнә ләкәл-хамд”, – дейтін. Сәждеге барғанда және сәждеден тұрғанда қолдарын көтермейтін1».

  1. 1Бұхари, «Азан», 10/83; Муслим, «Намаз», 4/21–22. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 99. Төрт мәзһаб имамының ішінде тек Имам Шафиғи осы хадиске сүйеніп, рукуғқа барғанда және рукуғтан көтерілгенде қол көтеру сүннет дейді. Ханафи, мәлики және ханбали имамдары «Жеті орыннан басқа жерде қол көтерілмейді...» деген хадиске сүйеніп, тек намазға тұрған кезде қол көтеру сүннет дейді. Ол жеті орын: намазға тұрған кезде, үтір намазында құныт дұғасының алдында, айт тәкбірлерінде төрт жерде және қажылықта.