Қазақша аудармасы
Әбу Сәләмә ибн Абдуррахман ибн Ауф былай дейді: «Әбу Һурайра (р.а.) бізге намаз оқытатын. Еңкейгенде де, бой түзегенде де тәкбір айтатын. Намаздан кейін: “Уаллаһи, намазы Алла елшісінің намазына ең көп ұқсайтын адам – менмін”, – деді1».
- 1Бұхари, «Азан», 10/115; Муслим, «Намаз», 4/27. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 103.