Қазақша аудармасы
Әбу Абдиллаһ әс-Сунабихи былай деп баяндайды: «Әзірет Әбу Бәкірдің халифалығы кезінде Мәдинаға бардым. Оның артында тұрып, ақшам намазын оқыдым. Ол алғашқы екі рәкағатта “Фатиха” мен бір-бір қысқа сүре оқыды. Үшінші рәкағатқа тұрған кезде киімім оның киіміне тиердей жақындадым да, оның “Фатиха” мен “Раббәнә лә тузиғ қулубәнә бәғдә из һәдәйтәнә уә һәб ләнә мин ләдункә рахмәтән иннәкә әнтәл-Уәһһаб1” аятын оқығанын естідім».
- 1«Әли Имран» сүресі, 8-аяттың мағынасы: «Уа, Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқыта көрме! Бізге Өз тарапыңнан мейірім төккейсің! Шүбәсіз, Сен Уәһһабсың». Уәһһаб – шексіз сый беруші. Ақшам намазының соңғы рәкағатында «Фатихадан» кейін сүре оқылмайды. Әзірет Әбу Бәкір жоғарыдағы аятты дұға ниетімен оқыған болса керек.