Хадис

Муатта, № 29

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
4. Намаз
бап
6. Қырағат мәселесі
Нөмірі
№ 29 (кітап ішіндегі рет реті)
29
Муатта, 4-кітап, № 29
Қазақша аудармасы

Әл-Бәйадиден (р.а.) былай риуаят етілді: «Сахабалардың кейбірі дауыстап қырағат етіп, намаз оқып жатқан еді. Олардың қасына келген ардақты Елші (с.а.с.) былай деп бұйырды: “Намаз оқыған адам Раббысына мінәжат етіп, Оның құзырында тұрады. Құранды дауыстап оқып, бір-біріңнің тыныштығыңды бұзбаңдар”1».

  1. 1Бұл хадис Әбу Сағид әл-Худриден жеткен: Әбу Дәуіт, «Намаз», 5/25.