Қазақша аудармасы
Нәфиғ былай дейді: «Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) дауыстап оқылатын намаздарда имамға үлгермей қалған рәкағаттарын толықтырғанда, қырағатты дауыстап оқитын». Язид ибн Руман былай дейді: «Нәфиғ ибн Жүбәйр ибн Мутғимнің жанында намаз оқып тұрған едім. Намазда қырағат етіп тұрып, тоқтап қалған кезде ол маған ишара жасады. Мен оның есіне түспей тұрған жерін айтып бердім1».
- 1Намаз оқытып тұрған имам қырағатта жаңылса немесе тоқтап қалса, сол намазға ұйыған жамағаттың бірі жаңылған жерін айтып береді. Ол намазға қатыспаған басқа адам айта алмайды.