Хадис

Муатта, № 42

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
4. Намаз
бап
9. Имам жәһри (дауыстап) оқымайтын намаздарда оған ұйығандардың қырағаты
Нөмірі
№ 42 (кітап ішіндегі рет реті)
42
Муатта, 4-кітап, № 42
Қазақша аудармасы

Язид ибн Руман былай дейді: «Нәфиғ ибн Жүбәйр имамның артында, қырағат жәһри (дауыстап) оқылмайтын тұстарда қырағат ететін». Имам Мәлик былай дейді: «Естігендерімнің ішіндегі көңіліме ең қонымдысы – осы1».

  1. 1Намазда «Фатиханы» оқуға қатысты имамдардың пікірі мынадай: а) Әбу Ханифа бойынша сүннет және нәпіл намаздардың барлық рәкағатында, парыз намаздардың алғашқы екі рәкағатында «Фатиханы» оқу – уәжіп. Жамағатпен оқылатын намаз қандай болса да, имам жәһри, яғни дауыстап оқысын немесе хафи, яғни іштей оқысын, оған ұйыған жамағаттың «Фатиханы» оқуы – тахримән мәкруһ. ә) Имам Шафиғи бойынша барлық намазда және парыздардың барлық рәкағатында, адам жалғыз оқысын, имам болсын немесе имамға ұйысын, имамның қырағаты жәһри болсын, хафи болсын, «Фатиханы» оқу – парыз. б) Имам Мәлик бойынша имам дауыстап оқыса, жамағаттың «Фатиханы» оқуы – мәкруһ; іштей оқыса – мәндүп. Ханбалилер бойынша имамға ұйығандардың «Фатиханы» оқуы дауыстап оқылатын намаздарда мәкруһ, іштей оқылатын тұстарда мұстахап саналады.