Хадис

Муатта, № 44

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
4. Намаз
бап
10. Имам жәһри (дауыстап) оқыған кезде оған ұйығандардың қырағат оқымауы
Нөмірі
№ 44 (кітап ішіндегі рет реті)
44
Муатта, 4-кітап, № 44
Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деп баяндайды: «Алла елшісі (с.а.с.) қырағатты дауыстап оқитын бір намазды оқытып болған соң, жамағатқа бұрылып: “Намазда менімен бірге Құран оқыған біреу болды ма?” – деді. Жамағаттан бір кісі: “Мен оқыдым, уа, Расулалла!” – дегенде, ол: “Мен де Құран оқып жатқанда неге мазам кетіп тұр деп едім”, – деді. Осы ескертуден кейін сахабалар Алла елшісі дауыстап оқыған намаздарда Құран оқуды тоқтатты1».

  1. 1Нәсәи, «Ифтитах», 11/28. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 111. Бұл хадистен, әсіресе имам дауыстап оқитын намаздарда жамағаттың қырағат оқымауы керектігі анық көрінеді.