Хадис

Муатта, № 53

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
4. Намаз
бап
13. Намазда тәшәһһуд, яғни тәхият оқу
Нөмірі
№ 53 (кітап ішіндегі рет реті)
53
Муатта, 4-кітап, № 53
Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Абдулқари былай дейді: «Омар ибн әл-Хаттабтың мінберде тұрып, жамағатқа тәшәһһудты былай үйреткенін естідім: “Әт-тәхияту лилләһи, әз-зәкияту лилләһи, әт-тайибату әс-салауату лилләһи, әс-сәләму ғаләйкә әйуһән-нәбийу уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ. Әс-сәләму ғаләйнә уә ғалә ғибадиллаһис-салихин. Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мұхаммәдән ғабдуһу уә расулуһ”1».

  1. 1Бұл хадисті Шафиғи «әр-Рисалада» (738) риуаят етеді. Сол еңбектің сноскасында Зәйлағидің «Насб әр-Раяда» (1/422): «Бұл – сахих иснад», – дегені келтірілген. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 146. «Әт-тәхияту» – «тәхия» сөзінің көпше түрі. Ол сәлем, мәңгілік пен бақилық, ұлылық, барлық апат пен кемшіліктен пәк болу, билік мағыналарын білдіреді. Бұлардың бәрі Аллаға тән деген сөз. «Салауат» бес уақыт немесе барлық намаз, дұға, құлшылық және рақым мағыналарын білдіреді. «Зәкият» – адамды рухани тазартып, сауапқа кенелтетін ізгі амалдар. Бұлар да тек Алла үшін жасалады деген сөз. «Әт-тайибат» – көркем сөздер, Алланың заты мен сипаттарына лайық мадақтар. Бұлар да тек Алла үшін, Оның разылығына бөлену үшін айтылады. Бұл тәшәһһудтың мағынасы мынадай: «Ұлылық – Аллаға тән. Ізгі істер – Алла үшін. Мадақтар мен намаздар – Алла үшін. Уа, Пайғамбар! Саған сәлем, рақым мен береке тілейміз. Бізге және ізгі құлдарға да сәлем болсын. Алладан басқа тәңір жоқ екеніне куәлік етемін. Мұхаммедтің Алланың құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін».