Хадис

Муатта, № 68

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
4. Намаз
бап
18. Намазда көңілді бөлетін нәрсеге қарау
Нөмірі
№ 68 (кітап ішіндегі рет реті)
68
Муатта, 4-кітап, № 68
Қазақша аудармасы

Һишам әкесі Уруәдан жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) өрнекті, әдемі киім киді. Кейін оны Әбу Жәһмге беріп, одан өрнексіз, қалың матадан тігілген киім алды. Әбу Жәһм: “Уа, Расулалла! Неге ауыстырдыңыз?” – дегенде, ол: “Намазда көзім оның өрнектеріне түсті”, – деді1».

  1. 1Ибн Абдулбәр: «Барлық риуаятшы мұны Мәликтен мурсал түрде жеткізген», – дейді.