Қазақша аудармасы
Халид ибн Уәлид ибн Мұғирадан риуаят етілген: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге жұбайы Мәймунаның (р.а.) үйіне кіргенімізде, алдымызға қуырылған шөл кесірткесі әкелінді. Алла елшісі (с.а.с.) оған қолын созғанда, үйде отырған әйелдердің кейбірі: “Алла елшісіне (с.а.с.) жегелі отырған асының не екенін айтыңдар”, – деді. Сонда: “Уа, Расулалла, бұл – шөл кесірткесі!” – дегенде, Алла елшісі (с.а.с.) қолын тартып алды. Мен: “Уа, Расулалла, бұл харам ба?” – деп сұрадым. Ол: “Жоқ. Бірақ ол менің қауымымның жерінде кездеспейді, сондықтан тәбетім тартпады”, – деді». Халид: «Мен оны алдыма тартып, Алла елшісінің (с.а.с.) көз алдында жедім», – дейді.1
- 1Бұхари, Зәбәих, 72/33; Мүслим, Сайд, 34/7, № 43. Қараңыз: Зурқани, 4-том, 193-бет (һижраның 1278 жылғы басылымы).