Хадис

Муатта, № 17

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
41. Рұқсат сұрау
бап
6. Қой туралы риуаяттар
Нөмірі
№ 17 (кітап ішіндегі рет реті)
17
Муатта, 41-кітап, № 17
Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) риуаят етілген: Алла елшісі (с.а.с.): «Ешкім өзгенің малын рұқсатсыз саумасын. Сендердің қайсың бөлмесіне біреудің кіріп, қоймасын бұзып, азығын алып кеткенін қалар еді? Малдың желіні де иесінің азығын сақтап тұрады. Сондықтан ешкім өзгенің малын рұқсатсыз саумасын», – деген.1

  1. 1Бұхари, Луқата, 45/8; Мүслим, Луқата, 31/2, № 13.