Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Омардан (р.а.) риуаят етілген: Алла елшісі (с.а.с.): «Құтсыздық үйде, әйелде және атта болады», – деген.1
- 1Бұхари, Никах, 67/17; Мүслим, Сәләм, 39/34, № 115. Ислам сәтсіздікті жаман ырымға жоруды теріске шығарады. Осы үш нәрсенің аталуына екі түрлі түсінік берілген: 1) Айшаның түсіндіруінше, Алла елшісі бұл хадисте жәһилия адамдарының нанымын баяндап, олардың осы үш нәрсені жайсыз санайтынын айтқан; 2) кейбір ғалымдар бұл үшеуін жалпы үкімнен тыс қарастырып, мұндай жағдайда олардан бас тарту керектігін айтқан.