Қазақша аудармасы
Қасым ибн Мұхаммед: «Өздері істемеген нәрсені айтуды ұнатпайтын адамдармен бірге өмір сүрдім», – дейтін. Ол сахабаларды меңзеген. Имам Мәлик: «Қасым мұнымен амалды меңзеген. Өйткені адамның сөзіне емес, амалына қаралады», – дейді.1
- 1Құран Кәрімде: «Уа, иман келтіргендер! Өздерің істемейтін нәрсені неге айтасыңдар?! Істемейтін істі айту – Алланың алдында ең жеккөрінішті нәрсе!» – делінген («Саф» сүресі, 61:2–3).