Хадис

Тозақ

Муатта, 44-кітап · 2 хадис · № 1–2

1-бапТозақтың сипаттары

1
Муатта, 44-кітап, № 1
Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген: Алла елшісі (с.а.с.): «Адамдар жағатын от – тозақ отының жетпістен бір бөлігі ғана», – деген. Сахабалар: «Уа, Расулалла, жазалау үшін осы дүниенің оты да жеткілікті ғой», – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Тозақ отының ыстығы дүние отынан тағы алпыс тоғыз бөлікке артық етілген», – деді.1

  1. 1Бұхари, Бәдул-халқ, 59/10; Мүслим, Жәннат, 51/12, № 30.
2
Муатта, 44-кітап, № 2
Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.): «Сендер тозақ отын мына оттарыңдай қызыл деп ойлайсыңдар ма? Ол қарамайдай қап-қара», – дегені риуаят етілген.1

  1. 1Бәжи: «Мұндай мәліметті Әбу Һурайра тек есту арқылы біле алады. Өйткені бұл – ғайыптан хабар», – дейді. Үкімі мәрфуғ саналады (Зурқани).