Қазақша аудармасы
Әбу Хубаб Сағид ибн Ясардан риуаят етілген: Алла елшісі (с.а.с.): «Кім халал табысынан садақа берсе, оны Алла Өзінің құдірет қолына алады. Алла тек халалды ғана қабыл етеді. Содан кейін оны сендердің бірің құлынын не ботасын өсіргендей, таудай болғанша өсіреді», – деген.1
- 1Сахихтығы жөнінде бірауызды пікір қалыптасқан хадис. Бұхари, Таухид, 97/23; Мүслим, Зекет, 12/19, № 63.