Қазақша аудармасы
Әзірет Айша (р.а.) былай деп баяндайды: «Бір түні Алла елшісі тарауих намазын оқыды. Жамағат та онымен бірге оқыды. Екінші түні тағы оқыды. Сол түні жамағат көбейді. Кейін үшінші немесе төртінші түні жамағат жиналды, бірақ Алла елшісі тарауих оқытуға шықпады. Таң атқан соң: “Түнде жиналғандарыңды көрдім. Бірақ тарауих намазының сендерге парыз етіліп қалуынан қорыққандықтан, шығып, сендерге тарауих оқытпадым”, – деді. Бұл оқиға рамазанда болған еді1».
- 1Муслим, «Салат әл-мусафирин», 6/178. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 238.