عَنْ أَنَس قَالَ: غَابَ عَمِّى أَنَسُ بْنُ النَّضْرِ عَنْ قِتالِ بدرٍ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، غِبْتُ عَنْ أوّل قِتال قَاتَلْتَ الْمُشْرِكِينَ، لَئِن اللَّهُ أشْهَدَنِى قِتَالَ الْمُشركِينَ لَيُرِيَنَّ اللَّهُ مَا أصْنَعُ. فَلَمَّا كَانَ يَوْمُ أُحُدٍ انْكَشَفَ الْمُسْلِمونَ، فَقَالَ: اللَّهُمَّ أعْتَذِرُ إِلَيْكَ مِمَّا صَنَعَ هؤُلاءِ – يعني: أَصْحَابهُ – وأبْرَأُ إِلَيْكَ مِمَّا صَنَعَ هؤُلاءِ – يَعني: الْمُشركِينَ – ثُمَّ تَقَدَّمَ فَاسْتَقْبَلهُ سَعدُ بْنُ مُعاذٍ، فَقَالَ: يَا سعدَ بنَ معاذٍ، الْجَنَّةُ وربِّ الْكعْبَةِ إِنِّى أجِدُ رِيحَهَا منْ دُونِ أُحُدٍ. قَالَ سعدٌ: فَمَا اسْتَطَعتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا صَنَعَ! قَالَ أنسٌ: فَوَجَدْنَا بِهِ بِضْعًا وَثَمانِينَ ضَربَةً بالسَّيفِ، أَوْ طَعْنةً بِرمْحٍ، أَوْ رَمْيَةً بسَهْمٍ، وَوَجَدْنَاهُ قَدْ قُتِلَ وَمَثَّلَ بِهِ الْمُشْرِكونَ فما عَرَفهُ أَحَدٌ إِلَّا أُخْتُهُ بِبَنَانِهِ. قَالَ أنس: كُنَّا نَرَى أَوْ نَظُنُّ أن هَذِهِ الآية نزلت فِيهِ وَفِى أشباهه: «مِنَ الْمُؤْمِنِينَ رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ» [الأحزاب: 23] إِلَى آخِرها
Әнәс (р.а.): «Көкем Әнас ибн ән-Надр (р.а.) Бәдір шайқасына қатыса алмаған еді. Содан ол (өкініштен өзегі өртеніп): «Уа, Расулалла! ﷺ Мүшріктермен болған алғашқы шайқасыңызға қатыса алмадым. Егер Алла алдағы уақытта маған мүшріктермен соғысуды жазса, Алла менің оларға не істейтінімді «көреді»,1 – деді. Содан Ұхұд шайқасы болған күні мұсылмандардың майдандағы шебі бұзылып, жан-жаққа бытырап кетті. Сонда көкем қатты күйініп: «Уа, Алла! Мыналардың (мұсылмандардың) істеген ісі үшін Өзіңнен кешірім өтінем, ал аналардың (мүшріктердің) істеген ісіне менің еш қатысым жоқ (екеніне Өзің куә болғайсың)», – деді де, алға қарай ұмтылды. Сол-ақ екен алдынан Сағд ибн Мұғаз шыға келді. Сонда оған: «Әй, Мұғаздың ұлы Сағд! Жаннат! Қағбаның Раббысымен ант етемін! Мен оның хош иісін Ұхұд тауының бөктерінен сезіп тұрмын!» – деді. Кейін Сағд осы оқиғаны баяндағанында: «Уа, Расулалла! Мен оның істегенін істей алмадым», – деген еді».
Шайқастан кейінгі жағдайды Әнәс (р.а.) былай деп әңгімеледі: «Немере ағамның жансыз денесінің сау-тамтығы қалмаған еді. Денесінен шамамен сексеннен астам қылыштан, найзадан және жебе оғынан алған жарақатты көрдік. Мүшріктер оны өлтіріп қана қоймай, мәйітін аяусыз қорлап, кескілеп, адам танымастай халге жеткізіпті. Оны саусақтарының ұшынан таныған туған қарындасынан басқа ешкім тани алмаған еді. Біз «Мүміндер арасында Аллаға берген уәделерінде тұрған нағыз ерлер бар! Олардың кейбірі берген уәдесінде тұрып, жанын пида етті, енді бірі (соны) күтуде. Олар әсте серттерінен тайған емес» деген аятты немере ағам және сол сияқты қаһармандар жайында түсірілген деп білетін едік» (Бұхари: 2805, Муслим: 4918, Ахмад: 13085).
Анас (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Мой дядя Анас ибн ан-Надр (да будет доволен им Аллах) не смог принять участия в битве при Бадре. Сгорая от сожаления, он сказал: “О Посланник Аллаха ﷺ! Я не смог участвовать в Вашем первом сражении с многобожниками. Если Аллах впредь предопределит мне сразиться с ними, то Аллах ‘увидит’, что я с ними сделаю1”.
Когда настал день битвы при Ухуде, боевые ряды мусульман расстроились и они рассеялись в разные стороны. Тогда мой дядя, глубоко опечалившись, сказал: “О Аллах! Прошу у Тебя прощения за то, что сделали эти (мусульмане), и прошу Тебя засвидетельствовать, что я непричастен к тому, что сделали те (многобожники)”. Затем он устремился вперёд и встретил Саада ибн Муаза. Он сказал ему: “О Саад, сын Муаза! Рай! Клянусь Господом Каабы! Я ощущаю его благоухание со склонов горы Ухуд!” Позднее, рассказывая об этом, Саад сказал: “О Посланник Аллаха! Я не смог совершить того, что совершил он”».
О том, что было после сражения, Анас (да будет доволен им Аллах) рассказал: «На бездыханном теле моего дяди не осталось ни одного целого места. Мы увидели на нём более восьмидесяти ран от мечей, копий и стрел. Многобожники не только убили его, но и жестоко надругались над телом, изрубив его до неузнаваемости. Никто не смог опознать его, кроме родной сестры, узнавшей брата по кончикам пальцев. Мы считали, что аят “Среди верующих есть настоящие мужи, которые остались верны завету, данному Аллаху! Одни из них исполнили свой обет, пожертвовав жизнью, а другие всё ещё ожидают этого. Они никогда не изменяли своему завету” был ниспослан о моём дяде и подобных ему героях» (Аль-Бухари: 2805; Муслим: 4918; Ахмад: 13085).
- 1Яғни, Алла жолында қасық қаным қалғанша аянбай шайқасып, Раббыма өзімнің адалдығымды дәлелдеймін.
- 1То есть я буду беззаветно сражаться на пути Аллаха до последней капли крови и докажу своему Господу свою верность.