عَنْ أَبِى مسعود عقبة بْنِ عَمْرُو الْأنصارِى الْبدرِى، قَالَ: لَمَّا نَزَلَتْ آيةُ الصَّدَقَةِ كُنَّا نُحَامِلُ عَلَى ظُهُورِنَا، فَجَاءَ رَجُلٌ فَتَصَدَّقَ بِشَيْءٍ كَثِيرٍ، فَقَالُوا: مُراءٍ، وَجَاءَ رَجُلٌ آخَرُ فَتَصَدَّقَ بِصَاعٍ، فقَالُوا: إِنَّ اللَّهَ لَغَنيٌّ عَنْ صَاعِ هَذَا! فَنَزَلَتْ: ) الَّذِينَ يَلْمِزُونَ الْمُطَّوِّعِينَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ فِى الصَّدَقَاتِ وَالَّذِينَ لَا يَجِدُونَ إِلَّا جُهْدَهُمْ» التوبة: 79
Әбу Масғуд Уқба ибн Амр әл-Ансари әл-Бәдри (р.а.): «Садақа аяты түскен кезде, (табыс тауып, садақа беру үшін базарларда) жүк таситын едік. Бір күні бір кісі келіп, көп мал-пұлын садақаға берді. Сонда (мұнафықтар) оны: «Рияшыл», – десті. Сосын басқа бір кісі келіп бір сағ1 садақа берді. Сонда (мұнафықтар): «Шынында Алла мынаның бір сағ садақасына мұқтаж емес!» – десті. Сол кезде мына аят түсті: «Ол екіжүзділер қайыр-садақаны молынан беретін сақи мүміндерді де, маңдай терімен тапқан-таянған азғантай мал-пұлынан садақа беретін кедей мүміндерді де өздерінше жазғырады һәм бет-ауыздарын жыбырлатып мазақтайды. Әйтсе де, Алла олардың өздерін масқара қылды. Олар үшін жан төзгісіз азап бар» [Тәубе: 79]», – деп айтқан. (Бұхари:1415; Муслим: 2355).
Абу Масуд Укба ибн Амр аль-Ансари аль-Бадри (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Когда был ниспослан аят о милостыне, мы стали переносить грузы на рынках, чтобы заработать и раздать милостыню. Однажды пришёл человек и пожертвовал много своего имущества. Тогда лицемеры сказали о нём: “Он делает это напоказ”. Затем пришёл другой человек и пожертвовал один са‘1. Лицемеры сказали: “Поистине, Аллах не нуждается в одном са‘ милостыни этого человека!” Тогда был ниспослан следующий аят: “Эти лицемеры порицают и щедрых верующих, обильно раздающих милостыню, и бедных верующих, которые жертвуют из того немногого, что заработали в поте лица, и, кривляясь, насмехаются над ними. Однако Аллах предал позору их самих. Им уготовано невыносимое наказание” (сура “Тауба”, 9:79)» (Аль-Бухари: 1415; Муслим: 2355).
- 1Үш жарым келіге тең өлшем бірлігі.
- 1Мера веса, равная трём с половиной килограммам.