عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: مَا صلّى رَسُول اللَّهِ ﷺ صلاةً بَعْدَ أَنْ نَزَلتْ عَلَيْهِ: «إِذَا جَاءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ» إِلَّا يَقُولُ فِيهَا: «سُبحَانَكَ رَبَّنَا وَبِحَمْدِكَ، اللَّهُمَّ اغْفِرْ لي» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.
وَفِى رِوَايَة فِى الصحيحين عَنْهَا: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُكْثِرُ أَنْ يقُولَ فِى ركُوعِه وسُجُودهِ: «سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ رَبَّنَا وَبِحَمدِكَ، اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى»، يَتَأَوَّلُ الْقُرآنَ. معنى: «يَتَأَوَّلُ الْقُرآنَ» أي يعمل مَا أُمِرَ بِهِ فِى الْقرآن فِى قوله تَعَالَى: «فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَاسْتَغْفِرْهُ».
وَفِى رِوَايَة لمسلم: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُكثِرُ أَنْ يَقُولَ قَبلَ أَنْ يَمُوتَ: «سُبحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمدِكَ أَسْتَغْفِرُكَ وَأتُوبُ إِلَيْكَ». قَالَتْ عَائِشَة: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا هَذِهِ الْكَلِماتُ الَّتِى أَرَاكَ أحْدَثْتَها تَقُولُهَا؟ قَالَ: «جُعِلَتْ لِى عَلَامَةٌ فِى أُمَّتِى إِذَا رَأَيْتُها قُلتُها «إِذَا جَاءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ» … إِلَى آخِرِ السورة».
وَفِى رِوَايَة لَهُ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُكثِرُ مِنْ قَولِ: «سبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمدِهِ أسْتَغفِرُ اللَّهَ وأتُوبُ إِلَيْهِ». قَالَتْ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَراكَ تُكثِرُ مِنْ قَولِ سُبحَانَ اللَّهِ وَبِحَمدهِ أَسْتَغْفِرُ اللَّهَ وأتُوبُ إِلَيْه؟ فَقَالَ: «أخبَرَنِى رَبِّى أنِّى سَأرَى عَلَامَةً فِى أُمَّتي فإِذا رَأَيْتُها أَكْثَرْتُ مِنْ قَولِ: سُبْحَانَ اللَّهِ وبِحَمدهِ أَسْتَغْفرُ اللَّهَ وَأَتُوبُ إِلَيْه فَقَدْ رَأَيْتُهَا: «إِذَا جَاءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ» فتح مكّة، «وَرَأَيْتَ النَّاسَ يَدْخُلُونَ فِى دِينِ اللَّهِ أَفْوَاجًا، فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَاسْتَغْفِرْهُ إِنَّهُ كَانَ تَوَّابًا».
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.): «Алла елшісі ﷺ «Алланың жәрдемі мен жеңісі келген кезде» деп басталатын «Насыр» сүресі, түскеннен бастап әр намазда: «Субханәкә Раббәнә, уә бихамдикә, Аллаһуммағфир ли!» (Уа, Раббымыз! Сен мінсізсің, кемшілік атаулыдан адасың, Өзіңді дәріптеп, мадақтаймын. Уа, Алла, мені кешіре көр!) – деп айтатын болды», – деген (Бұхари: 4967; Муслим: 1087; Ахмад: 26161).
«Сахих» хадистер жинағының екеуінде Айшадан (р.а.) жеткен хадис мәтінінде: «Алла елшісі намаздағы рукуғы мен сәждесінде Құранмен амал етіп: «Субханәкә Аллаһумма, Раббәнә уә бихамдикә, Аллаһуммағфир ли!» (Уа, мінсіз, кемшілік атаулыдан ада болған Алла, уа, Раббымыз Өзіңе мадақ айтамын, уа, Алла мені кешіре көр!), – деп көп айтатын еді», – деген. (Бұхари: 817; Муслим: 1085).
Имам Муслим жеткізген хадис мәтінінде: «Алла елшісі қайтыс болардан бұрын: «Суханәкә Аллаһуммә, уә бихамдикә, әстағфирукә уә әтубу иләйкә!» (Уа, мінсіз, кемшілік атаулыдан ада болған Алла, Өзіңе мадақ айтамын, Өзіңнен кешірім тілеп, Өзіңе тәубе етемін!), – деп көп айтатын. Айша: Сонда мен: «Уа, Расулалла! Соңғы кездерде айтып жүрген мына сөздеріңіз не?» – деп сұрағанымда, маған: «Үмбетімде маған көрсетілген бір белгі бар, соны көргенде осылай айтамын деді де, «Алланың жәрдемі мен ұлы жеңісі келген кезде...»», – деп сүренің соңына (дейін оқыды)», – деген. (Муслим: 1086)
Имам Муслимнің тағы бір риуаятында: «Алла елшісі: «Субханаллаһи уә бихамдиһи, әстәғфируллаһа уә әтубу иләйһи!» (Мінсіз, кемшілік атаулыдан ада болған Аллаға мақтау мен шүкіршілік айтамын, Алладан кешірім тілеп, Оған тәубе етемін!), – деп жиі айтатын. Айша (р.а.): Сонда мен: «Уа, Расулалла! Сіздің: «Субханаллаһи уә бихамдиһи, әстәғфируллаһа уә әтубу иләйһи!» – деген сөзді көп айтып жүргеніңізді көріп жүрмін...?» – дегенімде, ол маған: «Раббым маған үмбетімнен бір белгі көретінімді хабарлады. Сол белгіні көргенімде: «Субханаллаһи уә бихамдиһи, әстәғфируллаһа уә әтубу иләйһи!» – деген сөзді көп айтуым керек. Мен оны анық көрдім, ол – «Алланың жәрдемі мен ұлы жеңісі келген кезде», – деген белгі, яғни Меккенің алынуы... «Сондай-ақ адамдардың лек-легімен Алланың дініне кіріп жатқанын көргеніңде, (міне сонда) Раббыңды мадақтап, ұлықта һәм Одан кешірім тіле! Өйткені Ол – Тәууәб (кез келген пендесінің шынайы тәубесін қабыл етуші)» (Наср сүресі, 2-3)», – деп айтты», – деген. (Муслим: 1088)
Орысша аудармасы
Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказала: «После ниспослания суры “Ан-Наср”, начинающейся словами: “Когда придут помощь Аллаха и победа…”, Посланник Аллаха ﷺ во время каждой молитвы стал произносить: “Субханака Раббана ва бихамдика, Аллахумма гфир ли!” – “О наш Господь! Ты пречист и свободен от всякого недостатка; я прославляю Тебя и воздаю Тебе хвалу. О Аллах, прости меня!”» (Аль-Бухари: 4967; Муслим: 1087; Ахмад: 26161).
В хадисе, переданном Аишей (да будет доволен ею Аллах) и приведённом в обоих сборниках «Сахих», говорится: «Исполняя предписание Корана, Посланник Аллаха ﷺ часто произносил во время поясных и земных поклонов: “Субханака Аллахумма, Раббана ва бихамдика, Аллахумма гфир ли!” – “О Аллах, пречистый и свободный от всякого недостатка! О наш Господь, Тебе воздаю хвалу! О Аллах, прости меня!”» (Аль-Бухари: 817; Муслим: 1085).
В версии хадиса, переданной имамом Муслимом, сообщается: «Незадолго до своей кончины Посланник Аллаха ﷺ часто произносил: “Субханака Аллахумма ва бихамдика, астагфирука ва атубу иляйка!” – “О Аллах, пречистый и свободный от всякого недостатка! Тебе воздаю хвалу, у Тебя прошу прощения и перед Тобой каюсь!”» Аиша продолжила: «Тогда я спросила: “О Посланник Аллаха! Что это за слова, которые Вы стали произносить в последнее время?” Он ответил мне: “Мне было указано знамение, связанное с моей общиной; увидев его, я произношу эти слова”. Затем он прочитал: “Когда придут помощь Аллаха и великая победа…” – и дочитал суру до конца» (Муслим: 1086).
В другой версии имама Муслима сообщается: «Посланник Аллаха ﷺ часто произносил: “Субханаллахи ва бихамдихи, астагфируллаха ва атубу иляйхи!” – “Прославляю пречистого и свободного от всякого недостатка Аллаха и воздаю Ему хвалу и благодарность; прошу у Аллаха прощения и каюсь перед Ним!”»
Аиша (да будет доволен ею Аллах) продолжила: «Тогда я спросила: “О Посланник Аллаха! Я вижу, что Вы часто произносите слова: ‘Субханаллахи ва бихамдихи, астагфируллаха ва атубу иляйхи!’” Он ответил мне: “Мой Господь сообщил мне, что я увижу среди своей общины определённое знамение. Увидев его, я должен буду часто произносить: ‘Субханаллахи ва бихамдихи, астагфируллаха ва атубу иляйхи!’ И я ясно увидел его. Этим знамением стали слова: ‘Когда придут помощь Аллаха и великая победа…’, то есть завоевание Мекки, а также: ‘Когда увидишь, как люди толпами входят в религию Аллаха, тогда прославляй своего Господа, воздавая Ему хвалу, и проси у Него прощения! Поистине, Он – ат-Тавваб (Принимающий искреннее покаяние любого из Своих рабов)’ (сура ‘Наср’, 110:2–3)”» (Муслим: 1088).