Хадис

Ізгілікке бастайтын жолдардың көптігі жайында

О множестве путей, ведущих к благу

Риядус-салихин, 13-тақырып · 25 хадис · № 117–141

Хадистер

«وَمَا تَفْعَلُوا مِنْ خَيْرٍ فَإِنَّ اللَّهَ بِهِ عَلِيمٌ» «(Кімге) қандай жақсылық жасаған болсаңдар, Алла оны сөзсіз біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят).

«وَمَا تَفْعَلُوا مِنْ خَيْرٍ يَعْلَمْهُ اللَّه» «Жақсылық атаулының қайсыбірін істесеңдер де, Алла сол жайлы міндетті түрде біледі» («Бақара» сүресі, 197-аят).

«فَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْرًا يَرَهُ» «Кімде-кім мысқалдай (тозаңның салмағындай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады» («Зілзала» сүресі, 7-аят).

«مَنْ عَمِلَ صَالِحًا فَلِنَفْسِهِ» «Кімде-кім жақсылық жасаса, өзіне (яғни пайдасын бәрінен бұрын өзі көреді)» («Жәсия» сүресі, 15-аят).

«Какое бы благо вы ни сделали, поистине, Аллах знает об этом» (сура «Бакара», 2:215).

«И что бы вы ни сделали благого, Аллах непременно знает об этом» (сура «Бакара», 2:197).

«И кто совершил благое на вес пылинки, – увидит его» (сура «Зильзаля», 99:7).

«Кто делает благое, то ради своей пользы» (сура «Джасия», 45:15).

117
Риядус-салихин, № 117

عَنْ أَبِى ذر جُنْدبِ بْنِ جُنَادَةَ، قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ الْأعمالِ أَفْضَلُ؟ قَالَ: «الإِيمَانُ بِاللَّهِ وَالجِهادُ فِى سَبِيلِهِ». قُلْتُ: أَيُّ الرِّقَابِ أَفْضَلُ؟ قَالَ: «أنْفَسُهَا»«عِنْدَ أَهْلِهَا وَأكثَرهَا ثَمَنًا». قُلْتُ: فإِنْ لَمْ أفْعَلْ؟ قَالَ: «تُعِينُ صَانِعًا أَوْ تَصْنَعُ لأَخْرَقَ». قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أرأيْتَ إِنْ ضَعُفْتُ عَنْ بَعْضِ الْعَمَلِ؟ قَالَ: «تَكُفُّ شَرَّكَ عَنِ النَّاسِ؛ فَإِنَّهَا صَدَقَةٌ مِنْكَ عَلَى نَفْسِكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр Жундуб ибн Жүнәдә (р.а.): Алла елшісінен ﷺ: «Уа, Расулалла! Ең абзал іс не?» – деп сұрағанымда: «Аллаға иман келтіру және дін жолында күресу», – деп жауап берді. Мен тағы: «Қандай құлды азат еткен абзал?» – дегенімде: «Қожайындары үшін бағалы әрі құны қымбат болған құлды», – деді. Мен: «Оған шамам келмесе қайтемін?» – дедім. Расулалла: «Еңбек еткен адамға көмектесерсің, я болмаса, қолынан іс келмейтін адамның жұмысын жасап берерсің», – деді. Мен тағы да: «Уа, Расулалла! Аталған істердің кейбірін істей алмасам қайтем?» – дегенімде, маған: «Ендеше, адамдарға зияның тимесін. Міне, сол өз-өзіңе берген садақа болады», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 2518; Муслим: 250; Ахмад: 21331).

Орысша аудармасы

Абу Зарр Джундуб ибн Джунада (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я спросил Посланника Аллаха ﷺ: “О Посланник Аллаха! Какое дело является наилучшим?” Он ответил: “Вера в Аллаха и борьба на пути веры”. Я вновь спросил: “Какого раба лучше всего освободить?” Он ответил: “Того, кого хозяева особенно ценят и кто стоит дороже всего”. Я спросил: “А если мне это не по силам?” Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Тогда помоги человеку, занятому работой, либо выполни работу за того, кто сам не умеет её делать”. Я вновь спросил: “О Посланник Аллаха! А если я окажусь не в силах совершить некоторые из названных дел?” Он ответил: “Тогда не причиняй людям вреда. Это и будет милостыней, которую ты подашь самому себе”» (Аль-Бухари: 2518; Муслим: 250; Ахмад: 21331).

118
Риядус-салихин, № 118Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِى ذر أيضًا: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «يُصْبحُ عَلَى كُلِّ سُلَامَى منْ أَحَدِكُمْ صَدَقَةٌ: فَكُلُّ تَسبيحَةٍ صَدَقَةٌ، وَكُلُّ تَحمِيدةٍ صَدَقَة، وَكُلُّ تَهْلِيلَةٍ صَدَقَةٌ، وَكُلُّ تَكبيرَةٍ صَدَقَةٌ، وَأمْرٌ بِالمعرُوفِ صَدَقَةٌ، ونَهيٌ عَنِ الْمُنْكَرِ صَدَقَةٌ، وَيُجزِىءُ مِنْ ذَلِكَ رَكْعَتَانِ يَركَعُهُمَا مِنَ الضُّحَى»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Таңның атуымен әрқайсыңның бойыңдағы әрбір буын үшін садақа беру керек болады. Әр тәсбих (субханаллаһ деп айту) – садақа, әр тахмид (әлхамду лилләһ деп айту) – садақа, әр тәһлил (лә иләһә илләллаһ деп айту) – садақа, әр тәкбір (Аллаһу әкбар деп айту), ол да садақа, (шариғатқа сай) жақсылықты бұйыру – садақа және жамандықтан тыю да садақа. Ал енді бұлардың бәрінің орнын сәске уақытында оқыған екі рәкат намаз басады», – деп айтты», – деген. (Муслим: 1673; Ахмад: 21548).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) передаёт, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Каждое утро каждому из вас следует подавать милостыню за каждый сустав своего тела. Каждый тасбих (произнесение слов “Субханаллах”) – милостыня, каждый тахмид (произнесение слов “Альхамдулиллях”) – милостыня, каждый тахлил (произнесение слов “Ля иляха илляллах”) – милостыня, каждый такбир (произнесение слов “Аллаху акбар”) – также милостыня; веление совершать добро (соответствующее шариату) – милостыня и удержание от дурного – тоже милостыня. А всё это заменяют два ракаата молитвы, совершённые в предобеденное время» (Муслим: 1673; Ахмад: 21548).

119
Риядус-салихин, № 119Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْهُ، قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «عُرِضَتْ عَلَيَّ أَعْمَالُ أُمَّتِى حَسَنُهَا وَسَيِّئُهَا فَوَجَدْتُ فِى مَحَاسِنِ أَعْمَالِهَا الْأذَى يُمَاطُ عَنِ الطَّرِيقِ، وَوَجَدْتُ فِى مَسَاوِىءِ أَعمَالِهَا النُّخَاعَةُ تَكُونُ فِى الْمَسْجِدِ لَا تُدْفَنُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Маған үмбетімнің жақсы-жаман бүкіл істері көрсетілді. Олардың игі істерінің ішінен жолдағы кедергілерді алып тастауды, ал жаман істерінің ішінен мешіт ішінде қақырып, оны көмбеуді (тазаламауды) көрдім», – деп айтты» – деген. (Муслим: 1233; Ахмад: 21549)

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Мне были показаны все деяния моей общины – как благие, так и дурные. Среди её благих деяний я увидел устранение препятствий с дороги, а среди дурных – оставление в мечети незакопанной (неубранной) мокроты» (Муслим: 1233; Ахмад: 21549).

120
Риядус-салихин, № 120Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْهُ: أَنَّ ناسًا قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، ذَهَبَ أَهْلُ الدُّثُور بالأُجُورِ، يُصَلُّونَ كَمَا نُصَلِّى، وَيَصُومُونَ كَمَا نَصُومُ، وَيَتَصَدَّقُونَ بِفُضُولِ أمْوَالِهِمْ، قَالَ: «أَوَلَيسَ قَدْ جَعَلَ اللَّهُ لَكُمْ مَا تَصَدَّقُونَ بِهِ: إِنَّ بِكُلِّ تَسْبِيحَةٍ صَدَقَةً، وَكُلِّ تَكبيرَةٍ صَدَقَةً، وَكُلِّ تَحمِيدَةٍ صَدَقَةً، وَكُلِّ تَهْلِيلَةٍ صَدَقَةً، وَأمْرٌ بِالْمَعْرُوفِ صَدَقَةٌ، وَنَهيٌ عَنِ الْمُنْكَرِ صَدَقَةٌ، وَفِى بُضْعِ أَحَدِكُمْ صَدَقَةٌ» قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أيَأْتِى أَحَدُنَا شَهْوَتَهُ وَيَكُونُ لَهُ فِيهَا أجْرٌ؟ قَالَ: «أَرَأَيْتُمْ لَوْ وَضَعَهَا فِى حَرَامٍ أَكَانَ عَلَيْهِ وِزرٌ؟ فكذَلِكَ إِذَا وَضَعَهَا فِى الْحَلالِ كَانَ لَهُ أَجْرٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.): «Кейбір адамдар: «Уа, Расулалла! Мал-мүлік иелері барлық сауапты алып кетіп жатыр. Қарап тұрсақ, олар да біз секілді намаз оқиды, ораза ұстайды, онымен қоса, өздерінен артылған дүниелерін садақаға береді», – деп айтты. Сонда Алла елшісі ﷺ: «Алла сендердің де садақа берулеріңе мүмкіндік жасамады деп ойлайсыңдар ма? Әрбір тәсбих (субханаллаһ деп айту) – садақа, әрбір тәкбір (Аллаһу әкбар деп айту) – садақа, әрбір тахмид (әлхамду лилләһ деп айту) – садақа, әрбір таһлил (лә иләһә иллаллаһ деп айту), ол да садақа. Жақсылықты бұйыру – садақа, жамандықтан тыю да садақа. Тіпті әрбіріңнің әйелімен жақындасуы да садақа болады», – деді. Сонда олар (таңырқап): «Уа, Расулалла! Арамыздан әлдебіреу құмарын қандырса, соған да сауап жазыла ма?» – дегенде, оларға: «Егер ол құмарын харам жолмен қандырса, күнә арқаламай ма? Міне сол сияқты, құмарын адал жолмен қандырса, сауап алады», – деп айтты», – деген. (Муслим: 2329; Ахмад: 21473).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Некоторые люди сказали: “О Посланник Аллаха! Обладатели богатства получают все награды. Ведь, как мы видим, они молятся, как и мы, постятся, как и мы, а вдобавок раздают в качестве милостыни излишки своего имущества”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Неужели вы думаете, что Аллах не даровал и вам возможности подавать милостыню? Каждый тасбих (произнесение слов ‘Субханаллах’) – милостыня, каждый такбир (произнесение слов ‘Аллаху акбар’) – милостыня, каждый тахмид (произнесение слов ‘Альхамдулиллях’) – милостыня, каждый тахлил (произнесение слов ‘Ля иляха илляллах’) – тоже милостыня. Веление совершать добро – милостыня, удержание от дурного – также милостыня. Даже супружеская близость каждого из вас с женой является милостыней”. Тогда они (с удивлением) спросили: “О Посланник Аллаха! Неужели, если кто-либо из нас удовлетворит своё желание, ему и за это запишется награда?” Он ответил: “Разве тот, кто удовлетворит своё желание запретным путём, не понесёт за это грех? Точно так же, удовлетворив его дозволенным путём, он получит награду”» (Муслим: 2329; Ахмад: 21473).

121
Риядус-салихин, № 121Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْهُ، قَالَ: قَالَ لِى النَّبِيّ ﷺ: «لَا تَحْقِرنَّ مِنَ الْمَعرُوفِ شَيْئًا وَلَوْ أَنْ تَلقَى أخَاكَ بِوَجْهٍ طَليقٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ маған: «Мұсылман бауырыңды жарқын жүзбен қарсы алу да болса, ешбір жақсылықты (сауапты ісіті) қомсынба», – деп айтты», – деген. (Муслим: 6690; Ахмад: 21519).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Пророк ﷺ сказал мне: “Не считай малозначительным ни одно доброе дело (за которое полагается награда), даже если оно заключается лишь в том, чтобы встретить своего брата-мусульманина с приветливым лицом”» (Муслим: 6690; Ахмад: 21519).

122
Риядус-салихин, № 122Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كُلُّ سُلَامَى مِنَ النَّاسِ عَلَيْهِ صَدَقَةٌ، كُلَّ يَوْمٍ تَطلُعُ فِيهِ الشَّمْسُ: تَعْدِلُ بَينَ الاثْنَينِ صَدَقَةٌ، وتُعِينُ الرَّجُلَ فِى دَابَّتِهِ، فَتَحْمِلُهُ عَلَيْهَا أَوْ تَرفَعُ لَهُ عَلَيْهَا مَتَاعَهُ صَدَقَةٌ، وَالكَلِمَةُ الطَيِّبَةُ صَدَقَةٌ، وبكلِّ خَطْوَةٍ تَمشيهَا إِلَى الصَّلَاةِ صَدَقَةٌ، وتُميطُ الْأذَى عَنِ الطَّرِيقِ صَدَقَةٌ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

ورواه مسلم أيضًا من رواية عَائِشَة رَضي اللَّه عَنْهَا، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّهُ خُلِقَ كُلُّ إِنْسَان مِنْ بَنِى آدَمَ عَلَى سِتِّينَ وثَلَاثمئة مفْصَل، فَمَنْ كَبَّرَ اللَّهَ، وحَمِدَ اللَّه، وَهَلَّلَ اللَّهَ، وَسَبَّحَ اللَّه، وَاسْتَغْفَرَ اللَّه، وَعَزَلَ حَجَرًا عَنْ طَرِيقِ النَّاسِ، أَوْ شَوْكَةً، أَوْ عَظمًا عَن طَرِيقِ النَّاسِ، أَوْ أَمَرَ بمَعْرُوف، أَوْ نَهَى عَنْ منكَر، عَدَدَ السِّتِّينَ والثَّلاثِمئَة فَإِنَّهُ يُمْسِى يَوْمَئِذٍ وقَدْ زَحْزَحَ نَفسَهُ عَنِ النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Күн шыққан әрбір күні адамдарға бойларындағы әр буын үшін (шүкіршілік ретінде) садақа беруі міндет болады. Ренжіскен екі адамның арасын жарастыруың – садақа, кісіге көлігіне мінуге көмектесуің немесе жүгін көтеріп көлігіне артып беруің – садақа, әрбір жақсы сөз – садақа. Намазға ниеттеніп шыққандағы басқан әрбір қадамың – садақа және жолда жатқан кедергіні алып тастауың да – садақа», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 2891; Муслим: 2335; Ахмад: 8183).

Имам Муслим бұл хадисті Айшадан (р.а.) да жеткізген. Айша (р.а.) былай деген: «Алла елшісі: «Расында, әрбір Адам баласы үш жүз алпыс буынмен жаратылған. Кімде-кім осы үш жүз алпыс буынның санындай (Аллаһу әкбар деп) Алланы ұлықтаса һәм (әлхамду лилләһ деп) Аллаға мадақ пен шүкіршілік айтса, (лә иләһә иллаллаһ деп) Алладан басқа тәңір жоқ, деп айтса, (субханаллаһ деп) Алланың мінсіз, нұқсандық атаулыдан ада екенін айтып ұлықтаса, (астағфируллаһ деп) Алладан кешірім тілесе, адамдардың жолынан тас, тікен немесе сүйекті алып тастаса және жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыйса, шынында ол сол күні өзін тозақтан барынша алыстатқан күйде кеш батырады», – деп айтты».

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Каждый день с восходом солнца человек обязан давать садаку (в знак благодарности) за каждый сустав своего тела. Примирить двух поссорившихся людей – садака; помочь человеку сесть на его средство передвижения или поднять и погрузить его поклажу – садака; каждое доброе слово – садака; каждый шаг, сделанный тобой по пути на молитву, – садака; убрать лежащее на дороге препятствие – также садака» (Аль-Бухари: 2891; Муслим: 2335; Ахмад: 8183).

Имам Муслим передал этот хадис также со слов Аиши (да будет доволен ею Аллах). Аиша рассказала: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, каждый сын Адама сотворён с тремястами шестьюдесятью суставами. Кто совершит благие дела по числу этих трёхсот шестидесяти суставов: возвеличит Аллаха, произнося ‘Аллаху акбар’; воздаст Аллаху хвалу и благодарность, произнося ‘альхамдулиллях’; засвидетельствует, что нет божества, кроме Аллаха, произнося ‘ля иляха илляллах’; прославит Аллаха, свидетельствуя, что Он пречист и свободен от всякого недостатка, произнося ‘субханаллах’; попросит у Аллаха прощения, произнося ‘астагфируллах’; уберёт с дороги людей камень, колючку или кость; повелит совершать одобряемое и удержит от порицаемого, – тот к вечеру этого дня окажется предельно удалившим себя от ада”».

123
Риядус-салихин, № 123

عَنْ النَّبِيّ ﷺ، قَالَ: «مَنْ غَدَا إِلَى الْمَسْجِد أَوْ رَاحَ، أَعَدَّ اللَّهُ لَهُ فِى الْجَنَّةِ نُزُلًا كُلَّمَا غَدَا أَوْ رَاحَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім таңертең немесе кешке (құлшылық үшін) мешітке қарай жол тартса, Алла оған ертелі-кеш мешітке барған сайын жаннатта арнайы сый әзірлейді», – деді», – делінген. (Бұхари: 662; Муслим: 1524; Ахмад: 10608).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), говорится, что наш Пророк ﷺ сказал: «Кто утром или вечером отправляется в мечеть (для поклонения), тому Аллах каждый раз, когда он идёт туда утром или вечером, готовит особый дар в раю» (Аль-Бухари: 662; Муслим: 1524; Ахмад: 10608).

124
Риядус-салихин, № 124

عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا نِسَاءَ الْمُسْلِمَاتِ، لَا تَحْقِرنَّ جَارَةٌ لِجَارَتِهَا وَلَوْ فِرْسِنَ شاةٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Уа, мұсылман әйелдер! Көрші әйел құдайы көршісіне қойдың қу сирағын берсе де, жақсылық жасаудың ешбір түрін қомсынбасын», – деп айтты» – деген. (Бұхари: 2566; Муслим: 2379, Ахмад: 7591).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «О мусульманки! Пусть ни одна женщина не считает малозначительным никакое добро, которое она может сделать своей соседке, даже если подарит ей всего лишь овечье копытце» (Аль-Бухари: 2566; Муслим: 2379; Ахмад: 7591).

125
Риядус-салихин, № 125

عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «الإِيمَانُ بِضْعٌ وَسَبعُونَ أَوْ بِضعٌ وسِتُونَ شُعْبَةً: فَأَفْضَلُهَا قَولُ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَدْنَاهَا إِمَاطَةُ الْأذَى عَنِ الطَّرِيقِ، والحياءُ شُعبَةٌ مِنَ الْإِيمَان»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Иман жетпістен немесе алпыстан астам тармақтан (дәрежеден) тұрады. Ең абзалы – «лә иләһә иллаллаһ» (Алладан басқа тәңір жоқ) деп айту. Ең төменгі дәрежесі – жол үстіндегі (адамдарға) кедергі келтіретін нәрселерді алып тастау. Ар-ұят та иманның бір тармағы», – деп айтты» – делінген. (Бұхари: 9; Муслим: 153: Ахмад: 1639).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), говорится, что наш Пророк ﷺ сказал: «Вера насчитывает свыше семидесяти или свыше шестидесяти ветвей (ступеней). Наилучшая из них – произнесение слов “Ля иляха илляллах” (Нет божества, кроме Аллаха). Низшая ступень веры – убрать с дороги то, что мешает (людям). Стыдливость также является одной из ветвей веры» (Аль-Бухари: 9; Муслим: 153; Ахмад: 1639).

126
Риядус-салихин, № 126

عَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بَينَما رَجُلٌ يَمشي بِطَرِيقٍ اشْتَدَّ عَلَيْهِ الْعَطَشُ، فَوَجَدَ بِئرًا فَنَزَلَ فِيهَا فَشربَ، ثُمَّ خَرَجَ فإِذَا كَلْبٌ يَلْهَثُ يأكُلُ الثَّرَى مِنَ الْعَطَشِ، فَقَالَ الرَّجُلُ: لَقَدْ بَلَغَ هَذَا الْكَلْبُ مِنَ الْعَطَشِ مِثلُ الَّذِى كَانَ قَدْ بَلَغَ مِنِّى فَنَزَلَ الْبِئْرَ فَمَلأَ خُفَّهُ مَاءً ثُمَّ أمْسَكَهُ بفيهِ حَتَّى رَقِيَ، فَسَقَى الْكَلْبَ، فَشَكَرَ اللَّه لَهُ فَغَفَرَ لَهُ» قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ لَنَا فِى الْبَهَائِمِ أَجْرًا؟ فَقَالَ: «في كُلِّ كَبِدٍ رَطْبَةٍ أجْرٌ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

وَفِى رِوَايَة للبخارِى: «فَشَكَرَ اللَّهُ لَهُ، فَغَفَرَ لَهُ، فأدْخَلَهُ الْجَنَّةَ» وفي رواية لهما: ﴿بَيْنَما كَلْبٌ يُطِيفُ بِرَكِيَّةٍ قَدْ كَادَ يقتلُهُ العَطَشُ إِذْ رَأَتْهُ بَغِيٌّ مِنْ بَغَايَا بَنِي إسْرَائِيل، فَنَزَعَتْ مُوقَها فَاسْتَقَتْ لَهُ بِهِ فَسَقَتْهُ فَغُفِرَ لَهَا بِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Бірде жол жүріп келе жатқан бір кісі аңқасы кеуіп әбден шөлдейді, содан ол жол-жөнекей бір құдыққа тап болады да, бірден құдыққа түсіп, су ішеді. Содан құдықтан шығып қараса, әбден шөл қысып, тілі салақтаған бір ит (дымқыл тартқан) топырақты жеп жатыр екен. Сонда ол ішінен: «Мына байғұс ит те мен секілді қатты шөлдеген екен ғой», – деді де, құдыққа қайта түсіп, аяқ-киіміне су толтырып алып, аузына тістеген күйі құдықтан шығып, әлгі итке су береді. Сонда Алла оның бұл ісіне (дән риза болып), алғыс білдіріп, күнәларын түгелдей кешіреді», – деді. Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Сонда біз жан-жануарларға жақсылық жасау арқылы да сауап аламыз ба?» – дегенде, Алла елшісі: «Әрине, әрбір тіршілік иесіне жасалған жақсылыққа сауап жазылады», – деп айтты» – делінген. (Бұхари: 6009; Муслим: 5844; Ахмад: 8874).

Имам Бұхаридің жинағындағы хадисте: «Сөйтіп, Алла оның бұл ісіне (дән риза болып), алғыс білдіріп, күнәларын түгелдей кешірді және оны жаннатқа кіргізді», – деп айтылған.

Сондай-ақ имам Бұхари мен имам Муслимнің басқа бір риуаятында былай келген: «Бірде Исрайыл ұрпақтарынан бір жеңіл жүрісті әйел шөлден өле жаздап, құдықты шыр айналып жүрген бір итті көреді де, бірден аяқ киімін шеше салып, сонымен су алып, әлгі итке су береді. Міне, сол игі ісі үшін оның күнәлары кешіріледі».

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), говорится, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Однажды у одного путника во рту совсем пересохло и его стала мучить сильная жажда. По дороге он наткнулся на колодец, сразу спустился в него и напился воды. Выбравшись из колодца, он увидел собаку, которая, изнемогая от жажды и высунув язык, ела (влажную) землю. Тогда он подумал: “Эта бедная собака мучается от жажды так же, как только что мучился я”. Он вновь спустился в колодец, наполнил водой свой башмак и, зажав его в зубах, выбрался наверх, а затем напоил собаку. Тогда Аллах (будучи весьма доволен этим поступком) отблагодарил его и простил ему все грехи». Сподвижники спросили: «О Посланник Аллаха! Неужели нам полагается награда и за добро, сделанное животным?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Конечно. За добро, сделанное любому живому существу, записывается награда» (Аль-Бухари: 6009; Муслим: 5844; Ахмад: 8874).

В хадисе, приведённом имамом аль-Бухари, сказано: «Тогда Аллах (будучи весьма доволен этим поступком) отблагодарил его, простил ему все грехи и ввёл его в рай».

Кроме того, в другой версии, переданной имамами аль-Бухари и Муслимом, говорится: «Однажды одна женщина лёгкого поведения из числа потомков Исраиля увидела собаку, которая, едва не погибая от жажды, кружила вокруг колодца. Она сразу сняла туфлю, зачерпнула ею воду и напоила собаку. За этот благой поступок ей были прощены грехи».

127
Риядус-салихин, № 127

عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «لَقدْ رَأَيْتُ رَجُلًا يَتَقَلَّبُ فِى الْجَنَّةِ فِى شَجَرَةٍ قَطَعَهَا مِنْ ظَهْرِ الطَرِيقِ كَانَتْ تُؤذِى الْمُسْلِمِينَ» رواه مسلم.

وَفِى رِوَايَة: «مَرَّ رَجُلٌ بِغُصْنِ شَجَرَةٍ عَلَى ظَهرِ طَرِيقٍ، فَقَالَ: وَاللَّهِ لأُنْحِيَنَّ هَذَا عَنِ الْمُسْلِمِينَ لَا يُؤذِيهِمْ، فَأُدخِلَ الْجَنَّةَ».

وَفِى رِوَايَة لهما: «بَيْنَمَا رَجُلٌ يَمْشي بِطَرِيقٍ وَجَدَ غُصْنَ شَوكٍ عَلَى الطرِيقِ فأخَّرَه فَشَكَرَ اللَّهُ لَهُ، فَغَفَرَ لَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Бір кісінің мұсылмандарға кедергі болып жолдың қақ ортасында өсіп тұрған бір талды кесіп тастағаны үшін жұмақта шалқып жүргенін көрдім», – деп айтты», – делінген. (Муслим: 6671; Ахмад: 10289).

Басқа бір риуаятта былай деп айтылған: «Бір кісі жолда келе жатып, жол үстінен ағаштың бұтағын көреді де: «Аллаға серт! Мұны мұсылмандарға кедергі болмауы үшін жолдан алып тастаймын», – деп (айтқанын орындайды). Сөйтіп ол (сол ісімен Алланың разылығына бөленіп) жұмаққа кіргізіледі». (Муслим: 6670)

Имам Бұхари мен имам Муслим жеткізген тағы бір риуаятта былай делінген: «Бірде бір кісі жолда келе жатып, жол үстінен тікеннің бұтағын көріп, оны шетке қарай ысырып тастайды. Сонда Алла оған (дән риза болып), алғыс білдіріп, кешіріміне бөледі». (Бұхари: 652; Муслим: 6669; Ахмад: 10289).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Я видел, как один человек блаженствует в раю за то, что срубил дерево, росшее посреди дороги и мешавшее мусульманам» (Муслим: 6671; Ахмад: 10289).

В другой версии говорится: «Один человек, идя по дороге, увидел лежавшую на ней ветку и сказал: “Клянусь Аллахом! Я непременно уберу её с дороги, чтобы она не мешала мусульманам”. Затем он исполнил сказанное и убрал её. За этот поступок он снискал довольство Аллаха и был введён в рай» (Муслим: 6670).

В ещё одной версии, переданной имамом аль-Бухари и имамом Муслимом, говорится: «Однажды человек, идя по дороге, увидел лежавшую на ней колючую ветку и отодвинул её в сторону. Тогда Аллах, оставшись им весьма доволен, отблагодарил его и даровал ему прощение» (Аль-Бухари: 652; Муслим: 6669; Ахмад: 10289).

128
Риядус-салихин, № 128

عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ تَوَضَّأَ فَأَحْسَنَ الْوُضُوءَ، ثُمَّ أَتَى الْجُمعَةَ فَاسْتَمَعَ وَأنْصَتَ غُفِرَ لَهُ مَا بَيْنَهُ وَبَيْن الْجُمُعَةِ وَزِيادَةُ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ، وَمَنْ مَسَّ الْحَصَا فَقَدْ لَغَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім жақсылап дәрет алып, сосын жұма намазына мешітке келсе, сөйтіп (ешкіммен сөйлеспей) үнсіз отырып, құтба тыңдаса, оның сол жұма мен өткен жұмасы арасындағы және соған қоса тағы үш күн ішінде (жасап қойған күнә-қателіктері) кешіріледі. Ал кімде-кім (жұма құтбасы барысында) тіпті, (алдында жатқан) майда тастарды ұстап (сонымен ойнау сынды әбес істермен айналысса), шынында оның (жұма намазы) жарамсыз болады», – деп айтқан, – деген. (Муслим: 1988; Ахмад: 9484).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передаёт, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто должным образом совершит омовение, затем придёт в мечеть на пятничную молитву и, сидя молча (не разговаривая ни с кем), будет слушать проповедь, тому простятся прегрешения (совершённые им грехи и ошибки) за время между этой и предыдущей пятничными молитвами, а также ещё за три дня. А кто (во время пятничной проповеди) хотя бы возьмёт в руки (лежащие перед ним) мелкие камешки и (станет заниматься такими бессмысленными делами, как игра с ними), у того, поистине, (пятничная молитва) окажется тщетной» (Муслим: 1988; Ахмад: 9484).

Түсіндірме (қазақша)

Осы хадиске түсіндірме жазған ғалымдар, жұма намазына барған адам жұманың құтбасы оқылып жатқанда, алдында жатқан кез келген затты ұстап, сонымен ойнап, шұғылданса немесе жанындағы адамдармен сөйлессе, тіпті сөйлеген адамға тыныш отыр деп ескерту жасаса дағы, оның жұма намазы жарамсыз болады, яғни жұма намазының сауабы жойылады деген. Демек, жұма құтбасы оқылып жатқанда сондай орынсыз істерді істеген адам жалпы жұма намазын өтеген болып саналады, бірақ жұманың еселенген сауабынан құр қалады.

Түсіндірме (орысша)

учёные, комментировавшие этот хадис, указывали, что если человек, пришедший на пятничную молитву, во время произнесения проповеди возьмёт в руки какой-либо лежащий перед ним предмет и станет играть с ним или отвлекаться на него либо заговорит с сидящими рядом людьми – даже если он лишь сделает замечание разговаривающему, сказав ему: «Сиди тихо», – его пятничная молитва окажется тщетной, то есть награда за неё будет утрачена. Иными словами, человек, совершавший подобные неуместные действия во время пятничной проповеди, в целом считается исполнившим пятничную молитву, однако лишается многократно увеличенной награды, полагающейся за неё.

129
Риядус-салихин, № 129

عَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا تَوَضَّأ الْعَبْدُ الْمُسْلِمُ، أَو الْمُؤْمِنُ فَغَسَلَ وَجْهَهُ خَرَجَ مِنْ وَجْهِهِ كُلُّ خَطِيئَةٍ نَظَرَ إِلَيْهَا بِعَينيهِ مَعَ الْمَاءِ، أَوْ مَعَ آخِرِ قَطْرِ الْمَاءِ، فَإِذَا غَسَلَ يَدَيْهِ خَرَجَ مِنْ يَدَيهِ كُلُّ خَطِيئَة كَانَ بَطَشَتْهَا يَدَاهُ مَعَ الْمَاءِ، أَوْ مَعَ آخِرِ قَطْرِ الْمَاءِ، فَإِذَا غَسَلَ رِجْلَيهِ خَرَجَتْ كُلُّ خَطِيئَةٍ مشتها رِجْلَاهُ مَعَ الْمَاء أَوْ مَعَ آخِرِ قَطْرِ الْمَاءِ حَتَّى يَخْرُجَ نَقِيًّا مِنَ الذُّنُوبِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Мұсылман яки мүмін пенде дәрет алып, бетін жуғанда, сол сумен бірге немесе судың соңғы тамшысымен бірге көзімен көрген барлық күнәлары жүзінен жуылып, ағып кетеді. Қос қолын жуғанда, сол сумен бірге немесе судың соңғы тамшысымен бірге қос қолымен жасаған барлық күнәлары екі қолынан жуылып, ағып кетеді. Сол сияқты екі аяғын жуғанда да, сол сумен бірге немесе судың соңғы тамшысымен бірге екі аяғымен барған барлық күнәлары жуылып, ағып кетеді. Міне, осылайша ол күнәлардан арылып, тап-таза болып шығады», – деп айтты», – делінген. (Муслим: 577; Ахмад: 8020).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда раб-мусульманин или верующий раб совершает омовение и омывает своё лицо, вместе с водой или вместе с её последней каплей с его лица смывается и стекает всё греховное, на что он смотрел своими глазами. Когда он омывает обе руки, вместе с водой или вместе с её последней каплей с его рук смывается и стекает всё греховное, что он совершил своими руками. Когда же он омывает обе ноги, вместе с водой или вместе с её последней каплей с его ног смывается и стекает всё греховное, к чему он направлялся своими ногами. Так он выходит, полностью очистившись от грехов» (Муслим: 577; Ахмад: 8020).

130
Риядус-салихин, № 130

عَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الصَّلَوَاتُ الْخَمْسُ، وَالجُمُعَةُ إِلَى الْجُمُعَةِ، وَرَمَضَانُ إِلَى رَمَضَانَ مُكَفِّراتٌ لِمَا بَيْنَهُنَّ إِذَا اجْتُنِبَتِ الْكَبَائِرُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Бес уақыт намаз арасында, жұма намазынан келесі жұма намазына дейінгі аралықта және рамазан оразасынан келесі рамазан оразасына дейінгі аралықта үлкен күнәлардан аулақ болу кіші күнәлар үшін кәффарат болады1», – деп айтқан. (Муслим: 556; Ахмад: 8715).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пять ежедневных молитв, одна пятничная молитва до следующей пятничной молитвы и пост одного рамадана до поста следующего рамадана служат искуплением малых грехов, совершённых между ними, если человек избегает больших грехов1» (Муслим: 556; Ахмад: 8715).

  1. 1Яғни, хадисте айтылған уақыттарда үлкен күнәлардан аулақ болған жағдайда кішігірім күнәлар өздігінен кешіріледі.
  1. 1То есть в упомянутые в хадисе промежутки времени малые грехи прощаются сами по себе, если человек воздерживается от больших грехов.
131
Риядус-салихин, № 131

عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ألا أَدُلُّكُمْ عَلَى مَا يَمْحُو اللَّهُ بِهِ الْخَطَايَا وَيَرْفَعُ بِهِ الدَّرَجَاتِ؟» قَالُوا: بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «إِسْبَاغُ الْوُضُوءِ عَلَى الْمَكَارِهِ، وَكَثْرَةُ الْخُطَا إِلَى الْمَسَاجِدِ، وَانْتِظَارُ الصَّلَاةِ بَعْدَ الصَّلَاةِ فَذلِكُمُ الرِّبَاطُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Бірде Алла елшісі ﷺ сахабаларына: «Алланың күнә-қателіктеріңді өшіріп, дәрежелеріңді өсіруіне сеп болатын істі айтайын ба?» – дегенде, сахабалар: «Әрине, уа, Расулалла, айтыңыз», – десті. Сонда Алланың елшісі: «Дәрет алу қиынға соққан кезде де, дәретті кемеліне жеткізіп, толық алу. Мешіттерге апаратын жолдарды тоздыру және бір намаздан кейін келесі намаздың уақытын күту. Міне, (шекара күзеткен қырағы сарбаз сынды күнәға бастайтын нәпсіге қарсы) әрдайым бекіністе (яғни, сергек) болып, Алламен байланысты үзбеу деген осы!» – деп айтты» – деген. (Муслим 857; Ахмад: 7209).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ спросил своих сподвижников: “Не рассказать ли вам о деле, благодаря которому Аллах стирает ваши грехи и ошибки и возвышает вас в степенях?” Сподвижники ответили: “Конечно, о Посланник Аллаха! Расскажите нам”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Это – тщательно и полностью совершать омовение даже тогда, когда оно сопряжено с трудностями; часто ходить в мечети, не жалея шагов; и после одной молитвы ожидать времени следующей. Вот что значит постоянно пребывать на страже и не прерывать связи с Аллахом (то есть сохранять бдительность и, подобно бдительному воину, охраняющему границу, противостоять душе, влекущей к греху)!”» (Муслим: 857; Ахмад: 7209).

Түсіндірме (қазақша)

Хадистегі «бір намаздан кейін келесі намаздың уақытын күту» деген, тек мешітте отырып күту дегенді ғана білдірмейді, мейлі үйде, мейлі жұмыс орнында болсын, бір намаздан кейін келесі намазды ойлап, соған шын жүректен ниет етіп, намазды үнемі қаперде ұстау дегенді де білдіреді.

Түсіндірме (орысша)

упомянутое в хадисе «ожидание времени следующей молитвы после предыдущей» означает не только буквальное ожидание в мечети. Оно также подразумевает, что человек, где бы он ни находился – дома или на работе, – после одной молитвы думает о следующей, всем сердцем намеревается совершить её и постоянно помнит о молитве.

132
Риядус-салихин, № 132Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِيِّ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ صَلَّى الْبَرْدَيْنِ دَخَلَ الْجَنَّةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім салқын тартқан1 (шақтағы) қос намазды2 үзбей оқыса, жаннатқа кіреді», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 574; Муслим: 1438).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто неизменно совершает в прохладное время1 две молитвы2, тот войдёт в рай» (Аль-Бухари: 574; Муслим: 1438).

  1. 1Салқын тартқан екі намаз – ол таң және екінті намаздары.
  2. 2Таңғы намаз бен екінті намазы.
  1. 1Под двумя молитвами в прохладное время имеются в виду утренняя и послеполуденная молитвы.
  2. 2Утренняя и послеполуденная молитвы.
133
Риядус-салихин, № 133Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا مَرِضَ الْعَبْدُ أَوْ سَافَرَ كُتِبَ لَهُ مِثْلُ مَا كَانَ يَعْمَلُ مُقِيمًا صَحِيحًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбір пенде ауырып қалса немесе сапарға шықса, оған дені сау және тұрғылықты кезіндегі тұрақты түрде жасап жүрген игі істерінің сауабы жазыла береді», – деп айтты, – деген. (Бұхари: 2996; Ахмад: 19679).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если раб Аллаха заболеет или отправится в путь, ему продолжает записываться награда за благие дела, которые он регулярно совершал, когда был здоров и не находился в пути» (Аль-Бухари: 2996; Ахмад: 19679).

134
Риядус-салихин, № 134Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابرٍ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كُلُّ مَعْرُوفٍ صَدَقَةٌ» رواه الْبخارِى، ورواه مسلم مِنْ رواية حُذَيفة

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Әрбір жақсылық – садақа», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 6021; Муслим: 2328; Ахмад: 14709).

Имам Муслим дәл осы хадисті Хузайфадан (р.а.) жеткізген.

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Каждое доброе дело – садака» (Аль-Бухари: 6021; Муслим: 2328; Ахмад: 14709).

Имам Муслим передал этот же хадис также со слов Хузайфы (да будет доволен им Аллах).

135
Риядус-салихин, № 135Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ مُسْلِمٍ يَغْرِسُ غَرْسًا إِلَّا كَانَ مَا أُكِلَ مِنْهُ لَهُ صَدَقَةً، وَمَا سُرِقَ مِنهُ لَهُ صَدَقَةً، وَلَا يَرْزَؤُهُ أَحَدٌ إِلَّا كَانَ لَهُ صَدَقَةً» رواه مسلم

وَفِى رِوَايَة لَهُ: «فَلَا يَغْرِسُ الْمُسْلِمُ غَرْسًا فَيَأْكُلَ مِنْهُ إِنْسَانٌ وَلَا دَابَّةٌ وَلَا طَيْرٌ إِلَّا كَانَ لَهُ صَدَقَة إِلَى يَوْمِ الْقِيَامةِ»

وَفِى رِوَايَة لَهُ: «لَا يَغرِسُ مُسْلِمٌ غَرسًا، وَلَا يَزرَعُ زَرعًا، فَيَأكُلَ مِنهُ إِنْسَانٌ وَلَا دَابَةٌ وَلَا شَيْءٌ، إِلَّا كَانَتْ لَهُ صَدَقَةً»

وروياه جميعًا من رواية أنس

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбір мұсылман жеміс ағашын отырғызса, одан желінген әрбір жеміс үшін оған садақа бергендей сауап жазылады, сондай-ақ одан ұрланған әрбір жеміс үшін де оған садақа сауабы жазылады және әлдебіреу одан алып, біраз кемітсе де, оған садақа сауабы жазылады», – деп айтқан (Муслим: 3968).

Имам Муслим келтірген басқа бір риуаятта: «Мұсылман адам қандай да бір жеміс ағашын отырғызса, сөйтіп оның жемісінен адам баласы, жан-жануар немесе құстар жейтін болса, әлгі мұсылманға (отырғызған ағашы қурап қалғанша) қиямет-қайымға дейін садақа бергендей сауап жазылатын болады», – деп айтылған. Имам Муслим келтірген тағы бір риуаятта: «Мұсылман адам қандай да бір жеміс ағашын отырғызса немесе егін ексе, сөйтіп одан адам баласы, жан-жануар және кез келген нәрсе жейтін болса, әлгі мұсылманға садақа бергендей сауап жазылады.

Имам Бұхари мен имам Муслим осы риуаяттардың барлығын Әнәстің (р.а.) риуаяты негізінде де жеткізген. (Бұхари: 2320; Муслим: 3973)

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если какой-либо мусульманин посадит плодовое дерево, за каждый съеденный с него плод ему будет записана награда как за садаку. За каждый украденный с него плод ему также будет записана награда как за садаку, и даже если кто-либо возьмёт с него часть плодов, уменьшив урожай, ему также будет записана награда как за садаку» (Муслим: 3968).

В другой версии, приведённой имамом Муслимом, говорится: «Если мусульманин посадит какое-либо плодовое дерево и его плодами будут питаться люди, животные или птицы, этому мусульманину вплоть до Судного дня (пока посаженное им дерево не засохнет) будет записываться награда как за садаку».

В ещё одной версии, приведённой имамом Муслимом, говорится: «Если мусульманин посадит какое-либо плодовое дерево или засеет поле, а затем выращенным им будет питаться человек, животное или любое другое существо, этому мусульманину будет записана награда как за садаку».

Имам аль-Бухари и имам Муслим также передали все эти версии со слов Анаса (да будет доволен им Аллах). (Аль-Бухари: 2320; Муслим: 3973).

136
Риядус-салихин, № 136Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْهُ، قَالَ: أراد بنو سَلِمَةَ أَن يَنتقِلوا قرب الْمسجِدِ فبلغ ذَلِكَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ لهم: «إِنَّهُ قَدْ بَلَغَنِى أَنَّكُمْ تُرِيدُونَ أَنْ تَنتَقِلُوا قُربَ الْمَسجِد؟» فقَالُوا: نَعَمْ، يَا رَسُولَ اللَّهِ قَدْ أَرَدْنَا ذَلِكَ. فَقَالَ: «بَنِى سَلِمَةَ، دِيَارَكُمْ، تُكْتَبْ آثَارُكُمْ، ديَارَكُمْ تُكْتَبْ آثَارُكُمْ» رواه مسلم. وَفِى رِوَايَةٍ: «إِنَّ بِكُلِّ خَطوَةٍ دَرَجَةً»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Бірде Бәну Сәлимә руының адамдары мешітке жақын жерге көшіп келгісі келді. Бұл хабар Алла елшісіне де ﷺ жеткенде, оларға: «Шынында маған сендердің мешітке жақын жерге қоныс аударғыларың келетіні туралы хабар жетті», – деді. Олар: «Иә, уа, Расулалла! Біз солай қаладық», – деді. Сонда Алла елшісі: «Уа, Сәлимәұлдары! Өз үй-жайларыңда қалыңдар, өйткені сендердің (мешітке басып келген) әрбір қадамдарың жазылуда, өз үй-жайларыңда қалыңдар, өйткені сендердің (мешітке басып келген) әрбір қадамдарың жазылуда!»1 – деп айтты», – деген. (Муслим: 1519).

Басқа бір риуаятта: «Расында, әрбір қадам үшін бір дәреже (көтеріледі)», – делінген. Имам Бұхари де бұл хадисті дәл осы мазмұнда Әнәстің (р.а.) риуаяты негізінде жеткізген. (Муслим: 1518; Бұхари: 655).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды люди из рода Бану Салама захотели переселиться поближе к мечети. Когда известие об этом дошло до Посланника Аллаха ﷺ, он сказал им: “Поистине, до меня дошло, что вы хотите переселиться поближе к мечети”. Они ответили: “Да, о Посланник Аллаха! Мы действительно хотели этого”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “О Бану Салама! Оставайтесь в своих домах, ибо записывается каждый ваш шаг (сделанный по пути в мечеть); оставайтесь в своих домах, ибо записывается каждый ваш шаг!”1» (Муслим: 1519).

В другой версии говорится: «Поистине, с каждым шагом человек возвышается на одну степень». Имам аль-Бухари также передал хадис с тем же смыслом со слов Анаса (да будет доволен им Аллах). (Муслим: 1518; Аль-Бухари: 655).

  1. 1Яғни, алыстан мешітке басып келген әрбір қадамдарыңа еселенген сауап жазылуда.
  1. 1То есть, когда вы идёте в мечеть издалека, за каждый ваш шаг вам записывается многократно увеличенная награда.
137
Риядус-салихин, № 137

عَنْ أَبِى الْمنذِر أُبيِّ بْنِ كَعْب قَالَ: كَانَ رَجُلٌ لَا أَعْلَمُ رَجلًا أبْعَدَ مِنَ الْمَسْجِدِ مِنْهُ، وَكَانَ لَا تُخْطِئُهُ صَلَاةٌ، فَقيلَ لَهُ أَوْ فَقُلْتُ لَهُ: لَوِ اشْتَرَيْتَ حِمَارًا تَرْكَبُهُ فِى الظَلْمَاء وَفِى الرَّمْضَاء؟ فَقَالَ: مَا يَسُرُّنِى أَنَّ مَنْزِلي إِلَى جَنْبِ الْمَسْجِدِ إِنِّى أرِيدُ أَنْ يُكْتَبَ لِى مَمشَايَ إِلَى الْمَسْجِدِ وَرُجُوعِى إِذَا رَجَعْتُ إِلَى أَهْلِى، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَدْ جَمَعَ اللَّهُ لَكَ ذَلِكَ كُلَّهُ»

Қазақша аудармасы

Әбул Мунзир Убәй ибн Кағб (р.а.): «Бір кісі бар еді, мешітке одан алыс тұратын ешкімді білмейтінмін. Соған қарамастан ол ешбір (жамағат) намазын жібермейтін. Бірде оған: «Қараңғы түнде және аптап ыстықта мінетін есек сатып алсаң болар еді», – делінгенде, ол: «(Жолдың ұзақтығын айтып тұрсаң), мен үйімнің мешіттің жанында болғанын қаламаймын. Шынында мен мешітке барғанда және отбасыма қайтқанда жүріп өткен әрбір қадамымның жазылғанын қалаймын», – деді. Сонда Алла елшісі ﷺ: «Алла саған сол үміт еткен сауабыңның бәрін жинап қойды», – деп айтты», – деген. (Муслим: 1514).

Орысша аудармасы

Абу аль-Мунзир Убай ибн Кааб (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Был один человек; насколько я знал, никто не жил дальше от мечети, чем он. Несмотря на это, он не пропускал ни одной (коллективной) молитвы. Однажды ему сказали: “Купил бы ты себе осла, чтобы ездить на нём тёмными ночами и в зной”. Он ответил: “(Если ты имеешь в виду дальность пути), я не хотел бы, чтобы мой дом находился рядом с мечетью. Поистине, я хочу, чтобы мне записывался каждый шаг, сделанный по пути в мечеть и при возвращении к своей семье”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Аллах уже собрал для тебя всю награду, на которую ты надеялся”» (Муслим: 1514).

138
Риядус-салихин, № 138

عَنْ أَبِى محمد عَبْدِ اللَّهِ ِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاصِ رَضي اللَّه عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَرْبَعُونَ خَصْلَةً: أعْلَاهَا مَنيحَةُ الْعَنْزِ، مَا مِنْ عَامِلٍ يَعْمَلُ بِخَصْلَة مِنْهَا؛ رَجَاءَ ثَوَابِهَا وتَصْدِيقَ مَوْعُودِهَا إِلَّا أدْخَلَهُ اللَّهُ بِهَا الْجَنَّةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұхаммед Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Қырық түрлі жақсылық бар, солардың ең жоғарғысы – біреуге уақытша ешкі беру.1 Кімде-кім осынау жақсылықтардың қайсыбірін болмасын, сауабын үміт еткен және соған қатысты Алланың уәдесін растаған күйде орындайтын болса, Алла оны сол ісі үшін міндетті түрде жаннатқа кіргізеді», – деп айтқан», – деген. (Бұхари: 2631).

Орысша аудармасы

Абу Мухаммад Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Существует сорок видов добрых дел, высшее из которых – дать кому-либо козу во временное пользование1. Кто совершит хотя бы одно из этих добрых дел, надеясь на награду и будучи убеждённым в истинности обещания Аллаха, связанного с этим деянием, того Аллах непременно введёт за него в рай» (Аль-Бухари: 2631).

  1. 1Әлде біреуге сүтін сауып ішуі үшін белгілі бір мерзімге қой-ешкі беру.
  1. 1Речь идёт о передаче кому-либо овцы или козы на определённый срок, чтобы он мог доить её и пить молоко.
139
Риядус-салихин, № 139Риуаят етуші: Ади ибн Хатим (р.а.)

عَنْ عَدِى بْنِ حَاتمٍ قَالَ: سمعت النَّبِيّ ﷺ يَقُولُ: «اتَّقُوا النَّارَ وَلَوْ بشقِّ تَمْرَةٍ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

وَفِى رِوَايَة لهما عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْكُمْ مِنْ أَحَدٍ إِلَّا سَيُكَلِّمُهُ رَبُّهُ لَيْسَ بَينَهُ وَبَيْنَهُ تَرْجُمَانٌ، فَيَنْظُرُ أَيْمَنَ مِنْهُ فَلَا يَرَى إِلَّا مَا قَدَّمَ، وَيَنْظُرُ أَشْأَمَ مِنْهُ فَلَا يَرى إِلَّا مَا قَدَّمَ، وَيَنظُرُ بَيْنَ يَدَيهِ فَلَا يَرَى إِلَّا النَّار تِلقَاءَ وَجْهِهِ، فَاتَّقُوا النَّارَ وَلَو بِشِقِّ تَمْرَةٍ، فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَبِكَلِمَةٍ طَيِّبَةٍ»

Қазақша аудармасы

Ади ибн Хатим (р.а.): Пайғамбарымыздың ﷺ: «Жарты құрмамен болса да, (садақа беру арқылы) тозақ отынан сақтаныңдар», – деп айтқанын естідім» – деген. (Бұхари: 6540; Муслим: 2349).

Имам Бұхари мен имам Муслим келтірген басқа бір риуаятта Алла елшісі: «Араларыңнан қайсыбірің болмасын, Раббысы онымен арада ешбір аудармашы болмаған күйде тікелей сөйлесетін болады. Сонда ол оң жағына қарағанда, дүниеде істеп, ақыретке жолдаған істерінен басқа ештеңе көрмейді. Сол жағына қарағанда да, дүниеде істеп, ақыретке жолдаған (күнәлі) істерінен басқа ештеңе көрмейді. Сөйтіп алдына қарағанда, дәл алдында жалын атып тұрған оттан басқа ештеңе көрмейді. Ендеше, жарты құрмамен болса да тозақ отынан сақтаныңдар!1 Ал кім оны да таппаса, онда бір ауыз жақсы сөзбен болса да (тозақтан сақтансын)», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6539; Муслим: 2348; Ахмад: 18246).

Орысша аудармасы

Ади ибн Хатим (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Пророк ﷺ сказал: “Оберегайте себя от огня ада хотя бы половинкой финика (подав её как милостыню)”» (Аль-Бухари: 6540; Муслим: 2349).

В другой версии, приведённой имамом аль-Бухари и имамом Муслимом, Посланник Аллаха ﷺ сказал: «С каждым из вас его Господь будет говорить напрямую, без какого-либо переводчика между ними. Посмотрев направо, человек не увидит ничего, кроме совершённых им в земной жизни дел, которые он отправил вперёд для жизни вечной. Посмотрев налево, он также не увидит ничего, кроме совершённых им в земной жизни (греховных) дел, которые он отправил вперёд для жизни вечной. А посмотрев перед собой, не увидит ничего, кроме пылающего прямо перед ним огня. Поэтому оберегайте себя от огня ада хотя бы половинкой финика!1 А кто не найдёт и этого, пусть хотя бы одним добрым словом (убережёт себя от ада)» (Аль-Бухари: 6539; Муслим: 2348; Ахмад: 18246).

  1. 1Яғни, жарты құрма болса да Алла жолында садақа беріп, жақсылық жасап, тозақтан сақтаныңдар.
  1. 1То есть оберегайте себя от огня ада, подавая на пути Аллаха милостыню, хотя бы половинку финика, и совершая добро.
140
Риядус-салихин, № 140Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ لَيَرْضَى عَنِ الْعَبْدِ أَنْ يَأكُلَ الْأَكْلَةَ، فَيَحمَدَهُ عَلَيْهَا، أَوْ يَشْرَبَ الشَّرْبَةَ، فَيَحْمَدَهُ عَلَيْهَا»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Расында, Алла тамақ жеп, сол үшін Өзіне («әлхәмду лилләһ» деп) мақтау мен шүкіршілік айтатын немесе су ішіп, сол үшін Өзіне мақтау мен шүкіршілік айтатын пендеге дән риза болады», – деп айтты», – деген. (Муслим: 6932).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, Аллах весьма доволен тем Своим рабом, который, поев, воздаёт Ему за это хвалу и благодарность, произнося “альхамдулиллях”, или, выпив воды, также воздаёт Ему хвалу и благодарность» (Муслим: 6932).

141
Риядус-салихин, № 141Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «عَلَى كلّ مُسْلِمٍ صَدَقَةٌ» قَالَ: أرأيتَ إِنْ لَمْ يَجِدْ؟ قَالَ: «يَعْمَلُ بِيَدَيْهِ فَيَنْفَعُ نَفْسَهُ وَيَتَصَدَّقُ» قَالَ: أرأيتَ إِن لَمْ يَسْتَطِعْ؟ قَالَ: «يُعِينُ ذَا الْحَاجَةِ الْمَلْهُوفَ» قَالَ: أرأيتَ إِنْ لَمْ يَسْتَطِعْ، قَالَ: «يَأْمُرُ بِالمعْرُوفِ أوِ الْخَيْرِ» قَالَ: أَرَأَيْتَ إِنْ لَمْ يَفْعَلْ؟ قَالَ: «يُمْسِكُ عَنِ الشَّرِّ، فَإِنَّهَا صَدَقَةٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғариден (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Әрбір мұсылманға садақа беру міндетті!» – деп айтады. Сонда Әбу Мұса: «Егер беретін ештеңе таппаса ше?» – дейді. Алла елшісі: «Өз қолымен еңбек етіп, һәм өзіне пайда келтіріп, һәм де садақасын береді», – дейді. Әбу Мұса: «Ал егер оған да шамасы жетпесе ше?» – дегенде, Алла елшісі: «Қамыққан мұқтаж жанға қолұшын берсін», – дейді. Әбу Мұса тағы да: «Егер оған да шамасы жетпесе ше?» – дегенде, Алла елшісі: «Онда адамдарды жақсылыққа немесе қайырлы іс істеуге шақырсын», – дейді. Әбу Мұса тағы да: «Егер оны да істей алмаса ше?» – дегенде, Алла елшісі: «Онда жамандық атаулыдан тыйылсын, өйткені ол да садақа!» – дейді», – делінген. (Бұхари: 1445; Муслим: 2333).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Мусой аль-Ашари (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Каждый мусульманин обязан давать садаку!» Абу Муса спросил: «А если он не найдёт ничего, что мог бы дать?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Пусть трудится своими руками, принося пользу самому себе, и даёт садаку». Абу Муса спросил: «А если и на это у него не хватит сил?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Пусть протянет руку помощи нуждающемуся, оказавшемуся в бедственном положении». Абу Муса вновь спросил: «А если он не сможет сделать и этого?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Тогда пусть призывает людей к добру или к совершению благих дел». Абу Муса снова спросил: «А если он не сможет сделать и этого?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Тогда пусть воздерживается от всякого зла, ибо и это – садака!» (Аль-Бухари: 1445; Муслим: 2333).