عَنْ أَبِى ذر جُنْدبِ بْنِ جُنَادَةَ، قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ الْأعمالِ أَفْضَلُ؟ قَالَ: «الإِيمَانُ بِاللَّهِ وَالجِهادُ فِى سَبِيلِهِ». قُلْتُ: أَيُّ الرِّقَابِ أَفْضَلُ؟ قَالَ: «أنْفَسُهَا»«عِنْدَ أَهْلِهَا وَأكثَرهَا ثَمَنًا». قُلْتُ: فإِنْ لَمْ أفْعَلْ؟ قَالَ: «تُعِينُ صَانِعًا أَوْ تَصْنَعُ لأَخْرَقَ». قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أرأيْتَ إِنْ ضَعُفْتُ عَنْ بَعْضِ الْعَمَلِ؟ قَالَ: «تَكُفُّ شَرَّكَ عَنِ النَّاسِ؛ فَإِنَّهَا صَدَقَةٌ مِنْكَ عَلَى نَفْسِكَ»
Әбу Зәрр Жундуб ибн Жүнәдә (р.а.): Алла елшісінен ﷺ: «Уа, Расулалла! Ең абзал іс не?» – деп сұрағанымда: «Аллаға иман келтіру және дін жолында күресу», – деп жауап берді. Мен тағы: «Қандай құлды азат еткен абзал?» – дегенімде: «Қожайындары үшін бағалы әрі құны қымбат болған құлды», – деді. Мен: «Оған шамам келмесе қайтемін?» – дедім. Расулалла: «Еңбек еткен адамға көмектесерсің, я болмаса, қолынан іс келмейтін адамның жұмысын жасап берерсің», – деді. Мен тағы да: «Уа, Расулалла! Аталған істердің кейбірін істей алмасам қайтем?» – дегенімде, маған: «Ендеше, адамдарға зияның тимесін. Міне, сол өз-өзіңе берген садақа болады», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 2518; Муслим: 250; Ахмад: 21331).
Абу Зарр Джундуб ибн Джунада (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я спросил Посланника Аллаха ﷺ: “О Посланник Аллаха! Какое дело является наилучшим?” Он ответил: “Вера в Аллаха и борьба на пути веры”. Я вновь спросил: “Какого раба лучше всего освободить?” Он ответил: “Того, кого хозяева особенно ценят и кто стоит дороже всего”. Я спросил: “А если мне это не по силам?” Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Тогда помоги человеку, занятому работой, либо выполни работу за того, кто сам не умеет её делать”. Я вновь спросил: “О Посланник Аллаха! А если я окажусь не в силах совершить некоторые из названных дел?” Он ответил: “Тогда не причиняй людям вреда. Это и будет милостыней, которую ты подашь самому себе”» (Аль-Бухари: 2518; Муслим: 250; Ахмад: 21331).