عَنْ أَبِى محمد عَبْدِ اللَّهِ ِ بْنِ عَمْرو بْنِ الْعاصِ، قَالَ: أُخْبرَ النَّبِيُّ ﷺ أنِّى أَقُولُ: وَاللَّهِ لأَصُومَنَّ النَّهَارَ، وَلأَقُومَنَّ اللَّيْلَ مَا عِشْتُ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَنْتَ الَّذِى تَقُولُ ذَلِكَ؟» فَقُلْتُ لَهُ: قَدْ قُلْتُهُ بأبي أَنْتَ وأمِّى يَا رَسُولَ اللَّهِ. قَالَ: «فَإِنَّكَ لَا تَسْتَطِيعُ ذَلِكَ فَصُمْ وَأَفْطِرْ، وَنَمْ وَقُمْ، وَصُمْ مِنَ الشَّهْرِ ثَلَاثةَ أَيَّامٍ، فَإِنَّ الْحَسَنَةَ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا وَذَلكَ مِثلُ صِيامِ الدَّهْرِ» قُلْتُ: فَإِنِّى أُطيقُ أَفْضَلَ مِنْ ذَلِكَ، قَالَ: «فَصُمْ يَوْمًا وَأَفْطِرْ يَوْمَيْنِ» قُلْتُ: فَإِنِّى أُطِيقُ أَفْضَلَ مِنْ ذَلِكَ، قَالَ: «فَصُمْ يَوْمًا وَأفْطِرْ يَوْمًا فَذَلِكَ صِيَامُ دَاوُد ﷺ، وَهُوَ أعْدَلُ الصيامِ».
وَفِى رِوَايَة: «هُوَ أَفْضَلُ الصِّيامِ» فَقُلْتُ: فَإِنِّى أُطيقُ أَفْضَلَ مِنْ ذَلِكَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا أَفْضَلَ مِنْ ذَلِكَ»، وَلأَنْ أكُونَ قَبِلْتُ الثَّلاثَةَ الْأَيّامِ الَّتِى قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أحَبُّ إِليَّ مِنْ أَهْلي وَمَالي.
وَفِى رِوَايَة: «أَلَمْ أُخْبَرْ أَنَّكَ تَصُومُ النَّهَارَ وتَقُومُ اللَّيْلَ؟» قُلْتُ: بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «فَلَا تَفْعَلْ: صُمْ وَأَفْطِرْ، وَنَمْ وَقُمْ؛ فَإِنَّ لِجَسَدِكَ عَلَيْكَ حَقًّا، وَإِنَّ لِعَيْنَيكَ عَلَيْكَ حَقًّا، وَإِنَّ لِزَوْجِكَ عَلَيْكَ حَقًّا، وَإِنَّ لِزَوْرِكَ عَلَيْكَ حَقًّا، وَإِنَّ بِحَسْبِكَ أَنْ تَصُومَ فِى كُلِّ شَهْرٍ ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ، فَإِنَّ لَكَ بِكُلِّ حَسَنَةٍ عَشْرَ أَمْثَالِهَا، فَإِنَّ ذَلِكَ صِيَامُ الدَّهْر» فَشَدَّدْتُ فَشُدِّدَ عَلَيَّ، قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّى أجِدُ قُوَّةً، قَالَ: «صُمْ صِيَامَ نَبِيِّ اللَّهِ دَاوُد وَلَا تَزد عَلَيْهِ» قُلْتُ: وَمَا كَانَ صِيَامُ دَاوُد؟ قَالَ: «نِصْفُ الدَّهْرِ» فَكَانَ عَبْدُ اللَّه يَقُولُ بَعْدَمَا كَبِرَ: يَا لَيتَنِى قَبِلْتُ رُخْصَة رَسُول اللَّهِ ﷺ.
وَفِى رِوَايَة: «أَلَمْ أُخْبَرْ أَنَّكَ تَصُومُ الدَّهرَ، وَتَقْرَأُ الْقُرآنَ كُلَّ لَيْلَة؟» فقلت: بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَلَمْ أُرِدْ بِذَلِكَ إِلَّا الْخَيْرَ، قَالَ: «فَصُمْ صَومَ نَبِيِّ اللَّهِ دَاوُد، فَإِنَّهُ كَانَ أعْبَدَ النَّاسِ، وَاقْرَأ الْقُرْآنَ فِى كُلِّ شَهْر» قُلْتُ: يَا نَبِيَّ اللَّهِ، إِنِّى أُطِيقُ أَفْضَلَ مِنْ ذَلِكَ؟ قَالَ: «فاقرأه فِى كل عشرِين» قُلْتُ: يَا نبي اللَّه، إِنِى أطيق أفضل من ذَلِكَ؟ قَالَ: «فَاقْرَأهُ فِى كُلِّ عَشْر» قُلْتُ: يَا نبي اللَّهِ، إِنِّى أُطيقُ أَفْضَلَ مِنْ ذَلِكَ؟ قَالَ: «فاقْرَأهُ فِى كُلِّ سَبْعٍ وَلَا تَزِدْ عَلَى ذَلِكَ» فشدَّدْتُ فَشُدِّدَ عَلَيَّ وَقَالَ لِى النَّبِيّ ﷺ: «إِنَّكَ لَا تَدْرِى لَعَلَّكَ يَطُولُ بِكَ عُمُرٌ» قَالَ: فَصِرْتُ إِلَى الَّذِى قَالَ لِى النَّبِيُّ ﷺ. فَلَمَّا كَبِرْتُ وَدِدْتُ أنِّى كُنْتُ قَبِلتُ رُخْصَةَ نَبِيِّ اللَّهِ ﷺ. وَفِى رِوَايَة: «وَإِنَّ لِوَلَدِكَ عَلَيْكَ حَقًّا». وَفِى رِوَايَة: «لَا صَامَ مَنْ صَامَ الْأَبَدَ» ثَلَاثًا.
وَفِى رِوَايَة: «أَحَبُّ الصِيَامِ إِلَى اللَّهِ تَعَالَى صِيَامُ دَاوُد، وَأَحَبُّ الصَّلَاةِ إِلَى اللَّهِ تَعَالَى صَلَاةُ دَاوُدَ: كَانَ ينام نصف الليل، ويقوم ثلثه، وينام سدسه، وكان يصوم يَوْمًا ويفطر يَوْمًا، وَلَا يَفِرُّ إِذَا لاقَى». وَفِى رِوَايَة قَالَ: «أنْكَحَنِى أَبِى امرَأةً ذَاتَ حَسَبٍ وَكَانَ يَتَعَاهَدُ كنَّتَهُ – أي: امْرَأَةَ وَلَدِهِ – فَيَسْأَلُهَا عَنْ بَعْلِهَا. فَتقُولُ لَهُ: نِعْمَ الرَّجُلُ مِنْ رَجُلٍ لَمْ يَطَأْ لَنَا فِرَاشًا، وَلَمْ يُفَتِّشْ لَنَا كَنَفًا مُنْذُ أَتَيْنَاهُ. فَلَمَّا طَالَ ذَلِكَ عَلَيْهِ ذَكَرَ ذَلِكَ لِلنَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: «القِنِى بِهِ» فَلَقيتُهُ بَعد ذَلِكَ، فَقَالَ: «كَيْفَ تَصُومُ؟» قُلْتُ: كُلَّ يَوْمٍ، قَالَ: «وَكَيْفَ تَخْتِمُ؟» قُلْتُ: كُلَّ لَيْلَةٍ، وَذَكَرَ نَحْوَ مَا سَبَقَ، وَكَانَ يَقْرَأُ عَلَى بَعْضِ أَهْلِهِ السُّبُعَ الَّذِى يَقْرَؤُهُ، يَعْرِضُهُ مِنَ النَّهَارِ ليَكُونَ أخفّ عَلَيْهِ بِاللَّيْلِ، وَإِذَا أَرَادَ أَنْ يَتَقَوَّى أفْطَرَ أَيَّامًا وَأحْصَى وَصَامَ مِثْلَهُنَّ كرَاهِيَةَ أَنْ يَترُكَ شَيْئًا فَارَقَ عَلَيْهِ النَّبِيَّ ﷺ.
كل هَذِهِ الرواياتِ صحيحةٌ، مُعظمُها فِى الصحيحين، وقليل مِنْهَا فِى أحدِهِمَا
Қазақша аудармасы
Әбу Мұхаммед Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Пайғамбарымызға ﷺ менің: «Алламен ант етейін! Өмір бақи күндіз ораза ұстап, түнде тұрып, намаз оқитын боламын», – деп айтқандығым жайлы хабар берілгенде, Алла елшісі маған: «Әлгі сөзді айтып жүрген сенсің бе?» – деп сұрады. Мен: «Садағаң кетейік, уа, Расулалла! Иә, солай деп айтқан едім», – дедім. Сонда ол кісі маған: «Сенің оған шамаң келмейді. Ораза ұста және (кей уақыттарда) оразаңды аш, жатып ұйықта және (кейбір күндері түнде тұрып) намаз оқы. (Ең дұрысы) айына үш күн ораза ұста. Шынында, бір игі істің (яғни, бір күндік оразаның) сауабы он есеге артады. Міне, сол (сауап тұрғысынан) өмір бойы ұстаған оразадай болады»,1 – деп айтты. Сонда мен: «Шынында, менің одан да артығына шамам жетеді», – дегенімде, маған: «Олай болса, сен бір күн ораза ұстап, екі күн оразаңды ашып жүр», – деді. Мен тағы да: «Шынында, менің одан да артығына шамам жетеді», – дегенімде, маған: «Онда сен бір күн ораза ұстап, бір күн оразаңды ашқын. Міне, сол – Дәуіт пайғамбардың (аләйһис-сәләм) оразасы және ең дұрыс ораза сол!2», – деді. (Басқа бір риуаятта: «Ең абзал ораза сол», – деді.) Мен сонда да: «Шынында, менің одан да артығына шамам жетеді», – деп едім, Алла елшісі: «Одан абзалы жоқ!» – деп айтты. Сол кезде Алла елшісі айтқандай, айына үш күн ораза ұстауды қабыл алғанымда ғой..., міне6 сол мен үшін бұл күнде отбасым мен бар мал-мүлкімнен де сүйікті боп тұр!» – деген өкінген екен. (Бұхари: 1976; Муслим: 2729; Ахмад: 6760)
Хадистің тағы бір нұсқасында былай деп келген: Пайғамбарымыз ﷺ: «Маған сенің күндіздері ауыз бекітіп, түнімен намаз оқитының жайлы хабар жетті емес пе?!» – дегенде, мен: «Иә, уа, Расулалла!» – деп едім, маған: «Олай істеме. Кей күндері ораза ұста және кей күндері оразаңды аш, түнде жатып ұйықта және түннің бір уағында тұрып, намаз оқы. Өйткені сенде тәніңнің ақысы бар, көзіңнің ақысы бар, әйеліңнің ақысы бар және қонағыңның ақысы бар. Сондықтан әр айда үш күн ораза ұстағаның жеткілікті болады. Шынында, сен үшін бір игі істің (яғни, бір күндік оразаның) сауабы он есеге артады. Міне, сол (сауап тұрғысынан) өмір бойы ұстаған ораза болады», – деп айтты. Алайда мен сол кезде қатты ынта-жігер танытып (пайғамбарымыз ұсынған сол жеңілдікті қабыл алмаған) едім, сол үшін маған ауыртпалық артылды. Мен: «Уа, Расулалла! «Мен өзімді қуатты сезінемін», – деп едім, Алла елшісі: «Онда Алланың пайғамбары Дәуіттің оразасын ұста және одан асырма», – деді. «Дәуіттің оразасы қандай еді?» – деп сұрағанымда: «Өмірдің тең жартысы!3» – деп жауап берді», – деген. Абдуллаһ жасы әбден ұлғайған соң: «Шіркін, Алла елшісінің рұқсатын қабыл алғанымда ғой», – деп айтатын болған», – делінген. (Бұхари: 1975; Ахмад: 6760).
Хадистің тағы бір нұсқасында былай деп келген: Алла елшісі ﷺ: «Маған сенің өмір бойы күн сайын ауыз бекітіп, әр түні Құран оқитының жайлы хабар жетті емес пе?!» – дегенде, мен: «Иә, уа, Расулалла! Мен бұл ісіммен тек жақсылықты көкседім», – деп едім, маған: «Сен Алланың пайғамбары Дәуіттің оразасын ұста. Шынында, ол ең ғибадатшыл адам еді. Ал Құранды бір айда оқы», – деп айтты. Алайда мен: «Уа, Алланың нәбиі! Менің одан да артығына шамам жетеді», – дегенімде, маған: «Олай болса, оны жиырма күнде оқы», – деді. Мен тағы да: «Уа, Алланың нәбиі! Менің одан да артығына шамам жетеді», – деп едім, маған: «Онда он күнде оқы», – деді. Мен сонда да: «Уа, Алланың нәбиі! Менің одан да артығына шамам жетеді», – дегенімде, маған: «Онда жеті күнде оқып бітір және одан асырма», – деді. Сонда мен қатты ынта-жігер танытып (пайғамбарымыз ұсынған сол жеңілдікті қабыл алмаған) едім, сол үшін маған ауыртпалық артылды. Сонда Пайғамбарымыз маған: «Шынында, сен білмейсің ғой, бәлім ғұмыр-жасың ұзақ болар...», – деп айтты». Абдуллаһ: «Уақыт өте келе Пайғамбарымыздың маған айтқан халіне де жеттім. Қартайған шағымда, Алланың нәбиінің рұқсатын қабыл алғанымда ғой деп өкіндім», – деген. (Муслим: 2730)
Басқа бір риуаятта: «Сенде бала-шағаңның да ақысы бар», – делінген. Тағы бір риуаятта: «Өмір бойы үздіксіз ораза ұстаған – еш ораза ұстамады», – деп үш рет айтқан. Тағы бір риуаятта: «Аллаға ең ұнамды ораза – Дәуіттің оразасы. Аллаға ең ұнамды намаз да – Дәуіттің намазы. Ол түннің тең жарымында ұйықтап, үштен бір бөлігінде намазға тұратын, қалған алтыдан бір бөлігінде қайтадан жатып ұйықтайтын. Сондай-ақ ол бір күн ораза ұстап, бір күн оразасын ашатын. Жаумен бетпе-бет келгенде қашпайтын», – деп айтылған. (Бұхари: 1131; Муслим: 2739)
Хадистің тағы бір нұсқасында былай деп келген: «Әкем мені текті жерден шыққан әйелмен үйлендірген еді. Сөйтіп, ол анда-санда келініне келіп, күйеуі, яғни мен жайлы сұрап тұратын. Сонда келіні оған мен жайлы: «Осы шаңыраққа келгенімізден бері менімен бір төсекке жатпаған, бүйір іздеп келмеген қандай керемет ер азамат!4» – деп шағымданыпты. Бұл жағдай біраз уақытқа созылған соң, ақырында әкем бұл жайды Пайғамбарымызға айтады. Сонда Алла елшісі: «Оны менімен жолықтыр», – дейді. Содан кейін Алла елшісімен жолықтым. Сонда ол менен: «Қайтіп ораза ұстап жүрсің?» – деп сұрады. Мен: «Күн сайын», – дедім. Сосын: «Құранды қалай хатым жасап жүрсің?» – деді. Мен: «Әр түні бір мәрте», – дедім», – деп, жоғарыда айтылғандай айтып өткен. Абдуллаһ қартайған шағында күн сайын бұрынғы Құран хатымының жетіден бірін ғана оқитын, түнде жеңілдеу болуы үшін хатымын күндізден оқып бастайтын. Бойына күш-қуат жинап алғысы келген кездері оразасын ашып, оразасыз өткен күндерін санап отыратын. Кейін Пайғамбарымыздың кезінде мойнына алған ешбір ісін тәрк етуді қаламай (қанша күн оразасын ашқан болса) сонша күн ораза ұстайтын», – деп айтылған. (Бұхари: 5052)
Осы риуаяттардың барлығы сенімді және дені имам Бұхари мен имам Муслим «Сахих хадистер» жинақтарында келтірілген. Кейбір жекелеген риуаяттар ғана аталған қос жинақтың біреуінде ғана келтірілген.
Орысша аудармасы
Абу Мухаммад Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен ими обоими Аллах) рассказывал: «Когда Пророку ﷺ сообщили, что я сказал: “Клянусь Аллахом! Всю жизнь я буду поститься днём, а по ночам вставать на молитву”, Посланник Аллаха ﷺ спросил меня: “Это ты говоришь такие слова?” Я ответил: “Да стану я выкупом за тебя, о Посланник Аллаха! Да, я говорил так”. Тогда он сказал мне: “Тебе это не по силам. Постись, но (в некоторые дни) не соблюдай пост; ложись спать и (в некоторые ночи вставай, чтобы) совершать молитву. (Лучше всего) постись по три дня в месяц. Поистине, награда за одно доброе дело (то есть за один день поста) увеличивается в десять раз. Поэтому такой пост (по величине награды) равнозначен посту в течение всей жизни”1.
Я сказал: “Поистине, мне по силам большее”. Он сказал: “Тогда постись один день, а следующие два дня не постись”. Я вновь сказал: “Поистине, мне по силам большее”. Он сказал: “Тогда постись через день. Это пост пророка Дауда (мир ему), и именно он – самый правильный пост!2” Я всё же сказал: “Поистине, мне по силам большее”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Нет ничего лучше этого!”» Впоследствии Абдуллах с сожалением говорил: «Если бы я тогда согласился поститься по три дня в месяц, как велел Посланник Аллаха ﷺ… Сегодня это было бы для меня дороже моей семьи и всего моего имущества!» (Аль-Бухари: 1976; Муслим: 2729; Ахмад: 6760).
В другой версии хадиса передаётся: «Пророк ﷺ спросил меня: “Разве мне не сообщили, что ты постишься днём и молишься всю ночь?” Я ответил: “Да, о Посланник Аллаха!” Тогда он сказал: “Не поступай так. В одни дни постись, а в другие – не постись; ночью ложись спать и в одну из её частей вставай на молитву. Ведь твоё тело имеет право на тебя, твои глаза имеют право на тебя, твоя жена имеет право на тебя и твой гость имеет право на тебя. Поэтому тебе достаточно поститься по три дня в каждом месяце. Поистине, награда за одно доброе дело (то есть за один день поста) увеличивается для тебя в десять раз. Таким образом, такой пост (по величине награды) равнозначен посту в течение всей жизни”. Однако тогда я проявил большое усердие (не приняв облегчения, предложенного Пророком), и потому на меня легло большее бремя. Я сказал: “О Посланник Аллаха! Я чувствую в себе силы”. Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Тогда соблюдай пост пророка Аллаха Дауда и не превышай этого”. Я спросил: “Каким был пост Дауда?” Он ответил: “Половина жизни!3”» Достигнув глубокой старости, Абдуллах часто говорил: «О, если бы я принял разрешение Посланника Аллаха ﷺ!» (Аль-Бухари: 1975; Ахмад: 6760).
В другой версии этого хадиса сообщается: «Посланник Аллаха ﷺ спросил меня: “Разве мне не сообщили, что ты всю жизнь постишься каждый день и каждую ночь прочитываешь Коран?” Я ответил: “Да, о Посланник Аллаха! Этим я стремился лишь к благу”. Тогда он сказал мне: “Соблюдай пост пророка Аллаха Дауда. Поистине, он был самым усердным в поклонении из людей. А Коран прочитывай за месяц”. Я сказал: “О Пророк Аллаха! Я способен на большее”. Он сказал: “Тогда прочитывай его за двадцать дней”. Я вновь сказал: “О Пророк Аллаха! Я способен на большее”. Он сказал: “Тогда прочитывай его за десять дней”. Я снова сказал: “О Пророк Аллаха! Я способен на большее”. Тогда он сказал: “В таком случае прочитывай его за семь дней и не переходи этого предела”. Я же проявил большое рвение, не приняв облегчения, предложенного Пророком ﷺ, и потому моё бремя стало тяжелее. Тогда Пророк ﷺ сказал мне: “Ведь ты не знаешь: быть может, тебе суждено прожить долгую жизнь…”» Абдуллах сказал: «Со временем я действительно дожил до того состояния, о котором говорил мне Пророк ﷺ. В старости я пожалел, что не принял облегчения, дозволенного мне Пророком Аллаха» (Муслим: 2730).
В другой версии сказано: «Твои дети тоже имеют на тебя право».
В ещё одной версии Посланник Аллаха ﷺ трижды сказал: «Не постился тот, кто постился непрерывно всю жизнь».
В другой версии сказано: «Самый любимый для Аллаха пост – пост Дауда, а самая любимая для Аллаха молитва – молитва Дауда. Он спал половину ночи, молился треть ночи, а затем снова ложился и спал оставшуюся шестую часть. Он постился через день и не обращался в бегство при встрече с врагом» (Аль-Бухари: 1131; Муслим: 2739).
В ещё одной версии этого хадиса сообщается: «Отец женил меня на женщине из знатной семьи. Время от времени он навещал свою невестку и спрашивал её о муже, то есть обо мне. Жалуясь на меня, она отвечала ему: “Какой замечательный муж! С тех пор как мы стали жить под одной крышей, он ни разу не разделил со мной постель и не стремился к близости со мной4”. Так продолжалось довольно долго, пока наконец отец не рассказал об этом Пророку ﷺ. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Пусть он встретится со мной”. После этого я встретился с Посланником Аллаха ﷺ. Он спросил меня: “Как ты соблюдаешь пост?” Я ответил: “Каждый день”. Затем он спросил: “За какой срок ты прочитываешь Коран полностью?” Я ответил: “За одну ночь”».
Далее в этой версии передано то же, что было изложено выше. В старости Абдуллах ежедневно прочитывал лишь одну седьмую часть Корана, начиная чтение ещё днём, чтобы ночью ему было легче. Когда он хотел восстановить силы, то на время прекращал поститься и подсчитывал дни, проведённые без поста. После этого он постился столько же дней, не желая оставлять ничего из того, что взял на себя при жизни Пророка ﷺ. (Аль-Бухари: 5052).
Все эти версии достоверны. Большинство из них приведено имамами аль-Бухари и Муслимом в их сборниках «Сахих». Лишь некоторые отдельные версии содержатся только в одном из этих двух сборников.