عَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الدِّينَ يُسْرٌ، وَلَنْ يُشَادَّ الدِّينُ إِلَّا غَلَبَهُ، فَسَدِّدُوا وَقَارِبُوا وَأبْشِرُوا، وَاسْتَعِينُوا بِالغَدْوَةِ وَالرَّوْحَةِ وَشَيْءٍ مِنَ الدُّلْجَةِ»
وَفِى رِوَايَةٍ: سَدِّدُوا وقارِبُوا، واغْدُوا ورُوحُوا، وشَيْءٌ مِنَ الدُّلْجَةِ، والقَصْدَ الْقَصْدَ تَبْلُغُوا
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Шынында, бұл дін – жеңіл! Адам баласы дінде әсірелік танытып, қанша жерден тыраштанса да, бәрібір дін одан үстем түседі. Ендеше, әрбір істе (әсірелік пен селқостыққа бой алдырмай) дәл ортан жолды ұстаныңдар және діни амалдарды кемеліне жеткізіп істей алмасаңдар, шамаларың жеткенше соған жақындатып істеуге тырысыңдар. Егер солай істейтін болсаңдар, қуана беріңдер! Сондай-ақ таңғы және кешкі уақыттарда, әрі түннің соңғы бөлігінің бір уағында (екі дүниенің бақытына бөлену үшін Аллаға жақындататын құлшылықтармен және игі істермен айналысып), Алладан жәрдем тілеңдер», – деп айтты» – делінген. (Бұхари: 39).
Басқа бір риуаятта: «Әрбір істе (әсірелік пен селқостыққа бой алдырмай) дәл ортан жолды ұстаныңдар және діни амалдарды кемеліне жеткізіп істей алмасаңдар, шамаларың жеткенше соған жақындатып істеуге тырысыңдар. Сондай-ақ таңғы және кешкі уақыттарда, әрі түннің соңғы бөлігінің бір уағында (Аллаға жақындататын құлшылықтарға және игі істерге) барыңдар, сонда мұраттарың мен мақсаттарыңа жетесіңдер!» – делінген.
Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Поистине, эта религия легка! Как бы человек ни изнурял себя, впадая в крайности в религии, она всё равно возьмёт над ним верх. Поэтому во всех делах придерживайтесь середины, не впадая ни в крайность, ни в небрежность. Если же вы не сможете выполнять религиозные предписания в совершенстве, старайтесь по мере сил приблизиться к этому. Если будете поступать так, то радуйтесь! Также по утрам, вечерам и некоторое время в конце ночи обращайтесь к Аллаху за помощью, занимаясь поклонением и благими делами, приближающими к Нему, чтобы обрести счастье в обоих мирах» (Аль-Бухари: 39).
В другой версии говорится: «Во всех делах придерживайтесь середины, не впадая ни в крайность, ни в небрежность. Если же вы не сможете выполнять религиозные предписания в совершенстве, старайтесь по мере сил приблизиться к этому. Также по утрам, вечерам и некоторое время в конце ночи посвящайте себя поклонению и благим делам, приближающим к Аллаху, – и тогда вы достигнете желаемых целей!»