عَنْ أَبِى رِبعِى حنظلة بْنِ الربيعِ الْأُسَيِّدِيِّ الْكاتب أحدِ كتّاب رَسُول اللَّهِ ﷺ، قَالَ: لَقِيَنِى أَبُو بَكر، فَقَالَ: كَيْفَ أَنْتَ يَا حنْظَلَةُ؟ قُلْتُ: نَافَقَ حَنْظَلَةُ! قَالَ: سُبْحَانَ اللَّه مَا تَقُولُ؟! قُلْتُ: نَكُونُ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يُذَكِّرُنَا بالْجَنَّةِ وَالنَّارِ كأَنَّا رَأيَ عَيْنٍ فإِذَا خَرَجْنَا مِنْ عِنْدِ رَسُول اللَّهِ ﷺ عَافَسْنَا الْأَزْواجَ وَالْأَوْلَادَ وَالضَّيْعَاتِ نَسينَا كَثِيرًا، قَالَ أَبُو بَكْرٍ: فَوَاللَّه إِنَّا لَنَلْقَى مِثْلَ هَذَا، فانْطَلَقْتُ أَنَا وأبُو بَكْر حَتَّى دَخَلْنَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. فقُلْتُ: نَافَقَ حَنْظَلَةُ يَا رَسُولَ اللَّهِ! فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَمَا ذَاكَ؟» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، نَكُونُ عِنْدَكَ تُذَكِّرُنَا بِالنَّارِ والْجَنَّةِ كأَنَّا رَأيَ الْعَيْن فإِذَا خَرَجْنَا مِنْ عِنْدِكَ عَافَسْنَا الْأَزْواجَ وَالْأَوْلَادَ وَالضَّيْعَاتِ نَسينَا كَثِيرًا. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَالَّذِى نَفْسي بِيَدِهِ، لَوْ تَدُومُونَ عَلَى مَا تَكُونونَ عِنْدِى، وَفي الذِّكْر، لصَافَحَتْكُمُ الْملائِكَةُ عَلَى فُرُشِكُمْ وَفي طُرُقِكُمْ، لَكِنْ يَا حَنْظَلَةُ سَاعَةً وسَاعَةً» ثَلَاثَ مَرَات
Алла елшісінің ﷺ хатшыларының бірі Әбу Рибғи Ханзала ибн Рабиғ әл-Усәйиди (р.а.) былай деген: «Бір күні маған Әбу Бәкір (р.а.) кезігіп: «Қалайсың, уа, Ханзала?» – деді. Сонда мен: «Ханзала мұнафықтық жасады», – дедім. Сонда Әбу Бәкір: «Субханалла! Не айтып тұрсың?!» – деп шошып кетті. Сонда мен: «Алла елшісінің құзырында болғанымызда, ол кісі бізге тозақ пен жаннат жайлы айтып, бейне бір көзбен көргендей етіп, есімізге салады. Ал Алла елшісінің дәргейінен шыққан соң, түк болмағандай, жұбайларымызбен, бала-шағамызбен және қу тіршілігімізбен шұғылданып кетеміз», – дедім. Әбу Бәкір де: «Алламен ант етейін! Дәл осындай жағдайға біз де тап болудамыз», – деді. Содан Әбу Бәкірмен бірге барып, Алла елшісінің құзырына кірдік. Мен бірден: «Ханзала мұнафықтық жасады, уа, Расулалла!» – дедім. Сонда Алла елшісі: «Ол неғылған мұнафықтық?!» – деді таңданып. Сонда мен: «Уа, Расулалла! Біз сіздің құзырыңызда болғанымызда, сіз бізге тозақ пен жаннат жайлы айтып, бейне бір көзбен көргендей етіп, есімізге саласыз. Ал құзырыңыздан шыққанымызда, түк болмағандай, жұбайларымызбен, бала-шағамызбен және қу тіршілігімізбен шұғылданып кетеміз», – дедім. Сонда Алла елшісі: «Жаным қолында болған Алланың атымен ант етейін! Егер сендер әрдайым менің құзырымдағыдай халде болсаңдар және әрдайым Алла мен ақыретті еске алумен болсаңдар, онда періштелер сендермен төсек орындарыңда және жүретін жолдарыңда қол алысып амандасар еді. Алайда уа, Ханзала! Мезгіл-мезгілімен...1» – деп үш рет айтты», – деген. (Муслим: 6966: Ахмад: 17609).
Абу Рибъи Ханзала ибн Раби аль-Усайиди (да будет доволен им Аллах), один из писцов Посланника Аллаха ﷺ, рассказывал: «Однажды меня встретил Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) и спросил: “Как ты, о Ханзала?” Я ответил: “Ханзала проявил лицемерие”. Абу Бакр испуганно воскликнул: “Субханаллах! Что ты говоришь?!” Я объяснил: “Когда мы находимся в присутствии Посланника Аллаха ﷺ, он рассказывает нам об аде и рае и напоминает о них так, словно мы видим их собственными глазами. Но стоит нам покинуть его, как мы, словно ничего и не было, начинаем уделять всё внимание своим жёнам, детям и житейским делам”. Абу Бакр сказал: “Клянусь Аллахом! С нами происходит точно то же самое”.
Тогда мы вместе с Абу Бакром отправились к Посланнику Аллаха ﷺ и вошли к нему. Я сразу сказал: “Ханзала проявил лицемерие, о Посланник Аллаха!” Он удивлённо спросил: “Что это ещё за лицемерие?!” Я ответил: “О Посланник Аллаха! Когда мы находимся рядом с вами, вы рассказываете нам об аде и рае и напоминаете о них так, словно мы видим их собственными глазами. Но стоит нам покинуть вас, как мы, словно ничего и не было, начинаем уделять всё внимание своим жёнам, детям и житейским делам”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Клянусь Аллахом, в Чьей руке моя душа! Если бы вы всегда пребывали в том же состоянии, что и в моём присутствии, и постоянно поминали Аллаха и помнили о жизни вечной, ангелы пожимали бы вам руки, приветствуя вас и в постелях, и на дорогах, по которым вы ходите. Однако, о Ханзала, всему своё время…1” – и повторил эти слова трижды» (Муслим: 6966; Ахмад: 17609).
- 1Яғни, уақыттарыңның бір бөлігін Алланы, ақыретті еске алуға, руханиятқа арнасаңдар, енді бір бөлігін тіршілік қамына, кәсіп қылуға арнауларың керек.
- 1То есть часть своего времени нужно посвящать поминанию Аллаха, мыслям о Последней жизни и духовности, а другую – житейским заботам и труду.