عَنْ عَائِشَة: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ دخل عَلَيْهَا وعِندها امْرَأَةٌ، قَالَ: «مَنْ هَذِهِ؟» قَالَتْ: هَذِهِ فُلَانَةٌ تَذْكُرُ مِنْ صَلَاتِهَا. قَالَ: «مهْ، عَلَيْكُمْ بِمَا تُطِيقُونَ، فَواللَّهِ لَا يَمَلُّ اللَّهُ حَتَّى تَمَلُّوا» وكَانَ أَحَبُّ الدِّينِ إِلَيْهِ مَا دَاوَمَ صَاحِبُهُ عَلَيْهِ
Айшадан (р.а.) жеткен хадисте бірде Алла елшісі ﷺ оның құжырасына кіргенде жанында бір бейтаныс әйел отырған еді. Сонда Алла елшісі: «Бұл кісі кім?» – деп сұрайды. Айша: «Бұл пәленше ғой», – деп әлгі әйелдің (жатпай-тұрмай) тым көп намаз оқитынын айтады. Сонда Алла елшісі: «Олай істеуді доғар! Шамаларың келетін істі ғана орындаңдар. Алланың атымен ант етейін! Сендер жалықпағанша, Алла жалықпайды», – деп айтады. Айша (р.а.): «Алла елшісі үшін діндегі ең сүйікті іс – адамның (жалықпай, шаршап-шалдықпай) үздіксіз атқаратын ісі болатын», – деген. (Бұхари: 43; Муслим: 1834; Ахмад: 24245).
В хадисе, переданном Аишей (да будет доволен ею Аллах), сообщается, что однажды, когда Посланник Аллаха ﷺ вошёл в её комнату, рядом с ней сидела незнакомая женщина. Посланник Аллаха ﷺ спросил: «Кто эта женщина?» Аиша ответила: «Это такая-то», – и рассказала, что та молится чрезвычайно много (не зная отдыха). Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Оставьте это! Совершайте лишь то, что вам по силам. Клянусь Аллахом! Аллах не устанет, пока не устанете вы». Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Самым любимым для Посланника Аллаха религиозным делом было то, которое человек совершал постоянно (не тяготясь им и не изнуряя себя)» (Аль-Бухари: 43; Муслим: 1834; Ахмад: 24245).
Түсіндірме (қазақша)
Хадистегі «Алла жалықпайды» деген сөз, негізі, сендер шаршап, жалығып, құлшылықты тәрк етпегендеріңше, Алла сендерге еселеп сауап жазуды үзбейді, дегенді білдіреді. Сондықтан пенде өзіне деген Алланың сауабы мен шарапатына үздіксіз бөленуі үшін құлшылықта әсірелікке бой алдырмай, шама-шарқына қарай аз болса да үздіксіз құлшылық жасағаны абзал.
Түсіндірме (орысша)
слова хадиса «Аллах не устанет» означают, что Аллах не перестанет многократно записывать вам награду до тех пор, пока вы сами не утомитесь и не оставите поклонение. Поэтому, чтобы раб непрестанно удостаивался награды и благодати Аллаха, ему лучше не впадать в чрезмерность в поклонении, а совершать его постоянно, пусть даже понемногу, в меру своих сил.