عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ألا أَدُلُّكُمْ عَلَى مَا يَمْحُو اللَّهُ بِهِ الْخَطَايَا وَيَرْفَعُ بِهِ الدَّرَجَاتِ؟» قَالُوا: بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «إِسْبَاغُ الْوُضُوءِ عَلَى الْمَكَارِهِ، وَكَثْرَةُ الْخُطَا إِلَى الْمَسَاجِدِ، وَانْتِظَارُ الصَّلَاةِ بَعْدَ الصَّلَاةِ فَذلِكُمُ الرِّبَاطُ»
Әбу Һурайра (р.а.): Бірде Алла елшісі ﷺ сахабаларына: «Алланың күнә-қателіктеріңді өшіріп, дәрежелеріңді өсіруіне сеп болатын істі айтайын ба?» – дегенде, сахабалар: «Әрине, уа, Расулалла, айтыңыз», – десті. Сонда Алланың елшісі: «Дәрет алу қиынға соққан кезде де, дәретті кемеліне жеткізіп, толық алу. Мешіттерге апаратын жолдарды тоздыру және бір намаздан кейін келесі намаздың уақытын күту. Міне, (шекара күзеткен қырағы сарбаз сынды күнәға бастайтын нәпсіге қарсы) әрдайым бекіністе (яғни, сергек) болып, Алламен байланысты үзбеу деген осы!» – деп айтты» – деген. (Муслим 857; Ахмад: 7209).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ спросил своих сподвижников: “Не рассказать ли вам о деле, благодаря которому Аллах стирает ваши грехи и ошибки и возвышает вас в степенях?” Сподвижники ответили: “Конечно, о Посланник Аллаха! Расскажите нам”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Это – тщательно и полностью совершать омовение даже тогда, когда оно сопряжено с трудностями; часто ходить в мечети, не жалея шагов; и после одной молитвы ожидать времени следующей. Вот что значит постоянно пребывать на страже и не прерывать связи с Аллахом (то есть сохранять бдительность и, подобно бдительному воину, охраняющему границу, противостоять душе, влекущей к греху)!”» (Муслим: 857; Ахмад: 7209).
Түсіндірме (қазақша)
Хадистегі «бір намаздан кейін келесі намаздың уақытын күту» деген, тек мешітте отырып күту дегенді ғана білдірмейді, мейлі үйде, мейлі жұмыс орнында болсын, бір намаздан кейін келесі намазды ойлап, соған шын жүректен ниет етіп, намазды үнемі қаперде ұстау дегенді де білдіреді.
Түсіндірме (орысша)
упомянутое в хадисе «ожидание времени следующей молитвы после предыдущей» означает не только буквальное ожидание в мечети. Оно также подразумевает, что человек, где бы он ни находился – дома или на работе, – после одной молитвы думает о следующей, всем сердцем намеревается совершить её и постоянно помнит о молитве.