عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: كَانَ عمر يُدْخِلُنِى مَعَ أشْيَاخِ بَدرٍ فكأَنَّ بَعْضَهُمْ وَجَدَ فِى نفسِهِ، فَقَالَ: لِمَ يَدْخُلُ هَذَا معنا ولَنَا أبْنَاءٌ مِثلُهُ؟! فَقَالَ عُمَرُ: إِنَّهُ منْ حَيثُ عَلِمْتُمْ! فَدعانِى ذاتَ يَوْمٍ فَأدْخَلَنِى مَعَهُمْ فما رَأَيْتُ أَنَّهُ دعانِى يَوْمَئِذٍ إِلَّا لِيُرِيَهُمْ، قَالَ: مَا تقُولُون فِى قولِ اللَّه: «إِذَا جَاءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ»؟ [الْفتح: 1] فَقَالَ بعضهم: أُمِرْنَا نَحْمَدُ اللَّهَ وَنَسْتَغْفِرُهُ إِذَا نَصَرنَا وَفَتحَ عَلَيْنَا، وَسَكتَ بَعْضُهُمْ فَلَمْ يَقُلْ شَيْئًا. فَقَالَ لي: أَكَذَلِكَ تقُول يَا ابنَ عباسٍ؟ فقلت: لا. قَالَ: فما تقول؟ قُلْتُ: هُوَ أجَلُ رَسُول اللَّهِ ﷺ أعلَمَهُ لَهُ، قَالَ: «إِذَا جَاءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ» وذَلِكَ علَامةُ أجَلِكَ «فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَاسْتَغْفِرْهُ إِنَّهُ كَانَ تَوَّابًا» فَقَالَ عمر: مَا أعلم مِنْهَا إِلَّا مَا تقول
Ибн Аббас (р.а.): «(Мүміндердің әміршісі) Омар (р.а.) мені Бәдірге қатысқан үлкен сахабалармен бірге (кеңесіп, маңызды мәселелер шешілетін) мәжіліске кіргізетін еді. Бір күні (кеңестегі үлкен кісілердің) кейбірі соған іштей наразы болып: «Біздің балаларымызбен жасты мына бала неліктен бізбен бірге кеңеске кіреді?» – деді. Сонда Омар оларға: «Өздерің білетіндей ол (ілім-білім бұлағы болған) пайғамбар отбасынан», – деп айтты. Бір күні Омар мені арнайы шақыртып, сол үлкен сахабалармен бірге жиынға кіргізді. Сонда оның мені (білімімді) әлгі кісілерге көрсету үшін әдейі шақырғанын білдім. Содан Омар олардан: «Алланың «Алланың жәрдемі мен ұлы жеңісі келген кезде...»[Наср: 1] деген сөзіне қатысты не айтасыңдар?» – деп сұрады. Сонда олардың кейбірі: «Алла бізге жәрдем беріп, жеңіс сыйлағанда, Оған мадақ айтуға және Одан кешірім тілеуге бұйырылдық», – десе, енді бірі еш нәрсе айтпай үнсіз қалды. Сонда Омар маған: «Уа, Аббастың ұлы! Сен де солай дейсің бе?» – деді. Мен: «Жоқ», – дегенімде, ол: «Ендеше, не айтасың?» – деді. Сонда мен: «Ол – Алла елшісінің ﷺ ажалы, Алла оған ажалының таяғанын солай білдірген еді. Алла Тағала: «Алланың жәрдемі мен ұлы жеңісі келген кезде»», – деу арқылы, міне, сол сенің ажалыңның белгісі, ендеше «Мадақ айтып, Раббыңды ұлықта және Одан кешірім тіле! Өйткені Ол – Тәууәб (пендесінің шынайы тәубесін қабыл етуші)»(дегенді айтты)», – дедім. Сонда Омар (р.а.): «Бұл аятқа қатысты сен айтқан тәпсірден басқасын білмеймін», – деді», – деген. (Бұхари: 4970; Ахмад: 3127).
Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Повелитель верующих Умар (да будет доволен им Аллах) допускал меня на собрания, где вместе со старшими сподвижниками, участвовавшими в битве при Бадре, обсуждались и решались важные вопросы. Однажды некоторые из старейшин выразили недовольство и сказали: “Почему этот юноша, ровесник наших сыновей, присутствует на совете вместе с нами?” Тогда Умар ответил им: “Как вам известно, он происходит из семьи Пророка, которая является источником знаний”. Однажды Умар специально вызвал меня и пригласил на собрание вместе с этими старшими сподвижниками. Тогда я понял, что он намеренно позвал меня, чтобы показать им мои знания.
Затем Умар спросил их: “Что вы скажете о словах Аллаха: ‘Когда придут помощь Аллаха и великая победа…’ (сура ‘Наср’, 110:1)?” Некоторые из них ответили: “Нам велено воздавать Аллаху хвалу и просить у Него прощения, когда Он окажет нам помощь и дарует победу”, – а другие хранили молчание. Тогда Умар спросил меня: “О сын Аббаса! Ты тоже так считаешь?” Я ответил: “Нет”. Он спросил: “Что же ты скажешь?” Я ответил: “Это указание на приближение смерти Посланника Аллаха ﷺ: таким образом Аллах сообщил ему, что его кончина близка. Словами ‘Когда придут помощь Аллаха и великая победа…’ Аллах Всевышний сообщил: ‘Это будет признаком приближения твоей смерти. Поэтому прославляй своего Господа, воздавая Ему хвалу, и проси у Него прощения! Поистине, Он – ат-Тавваб (Принимающий искреннее покаяние Своего раба)’”. Тогда Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: “Я не знаю иного толкования этого аята, кроме того, которое ты изложил”» (Аль-Бухари: 4970; Ахмад: 3127).