Хадис

Риядус-салихин, № 157

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
16. Сүннетті берік ұстану жайында
Нөмірі
№ 157 (қазақша басылым реті)
157
Риядус-салихин, № 157Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «دَعُونِى مَا تَرَكْتُكُمْ، إِنَّمَا أَهْلَكَ مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ كَثْرَةُ سُؤالِهِمْ واخْتِلافُهُمْ عَلَى أنْبيَائِهِمْ، فَإِذَا نَهَيْتُكُمْ عَنْ شَيْء فَاجْتَنِبُوهُ، وَإِذَا أَمَرْتُكُمْ بأمْرٍ فَأْتُوا مِنْهُ مَا اسْتَطَعْتُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Қандай да бір мәселеде сендерге тыйым салмай, өз жайларыңа қалдырған болсам, ол жайында менен сұрамаңдар! Өйткені сендерден бұрынғы қауымдардың түбіне жеткен – орынсыз көп сұрақ қою мен пайғамбарларына қарсы шыққандықтары болатын. Ендеше, сендерді не нәрседен тыйсам, содан аулақ жүріңдер. Ал егер бір істі бұйырсам, соны шамаларың келгенше орындауға тырысыңдар», – деп айтты» – делінген. (Бұхари: 7288; Муслим: 3257; Ахмад: 7367).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается: «Пророк ﷺ сказал: “Если в каком-либо вопросе я оставил вас самим себе, ничего не запретив, не спрашивайте меня об этом! Ведь народы, жившие до вас, погибли из-за излишних вопросов и противоречия своим пророкам. Поэтому сторонитесь того, что я вам запретил, а если я повелю вам что-либо, старайтесь выполнить это по мере своих сил”» (Аль-Бухари: 7288; Муслим: 3257; Ахмад: 7367).