عَنْ أَبِى نَجيحٍ الْعِرباضِ بْنِ سَارِية قَالَ: وَعَظَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَوعظةً بَليغَةً وَجِلَتْ مِنْهَا الْقُلُوبُ، وَذَرَفَتْ مِنْهَا الْعُيُونُ، فَقُلْنَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَأَنَّهَا مَوْعِظَةُ مُوَدِّعٍ فَأوْصِنَا، قَالَ: «أُوصِيكُمْ بِتَقْوَى اللَّهِ، وَالسَّمْعِ وَالطَّاعَةِ وَإِنْ تَأمَّر عَلَيْكُمْ عَبْدٌ حَبَشِيٌّ، وَإِنَّهُ مَنْ يَعِشْ مِنْكُمْ فَسَيَرَى اختِلافًا كَثِيرًا، فَعَليْكُمْ بسُنَّتِى وسُنَّةِ الْخُلَفاءِ الرَّاشِدِينَ الْمَهْدِيِيِّنَ عَضُّوا عَلَيْهَا بالنَّواجِذِ، وَإِيَّاكُمْ وَمُحْدَثَاتِ الْأُمُورِ؛ فَإِنَّ كلَّ بدعة ضلالة»
Ирбад ибн Сәрия (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ уағызы әдеттегіден өзгеше болды. Уағыздан әсерленгеніміз соншалық – жүрегіміз суылдап, көзіміз жасқа толды. Уағыздың соңында біз: «Уа, Расулалла! Бұл сөздеріңіз бақұлдасып тұрған кісінің соңғы насихатына ұқсайды. Бізге соңғы өсиетіңізді айтыңыз, құлағымыз сізде», – дедік. Сонда ол: «Сендерге айтарым, Алладан қорқып, тақуалық аясында өмір сүріңдер. Басшыларың эфиопиялық қара нәсілді құл болса да, айтқандарына құлақ асып, оған бойсұныңдар. Әлі де дәм-тұзы барлар (мұсылмандар арасындағы) талай алауыздық пен араздыққа куә болады. Сол кезде менің және әділ халифалардың жолын таңдап, соған тастай қатып, берік ұстаныңдар. Сондай-ақ дінге кейіннен енгізілген жаңалықтардан сақ болыңдар. Расында, (дінде негізі болмаған) әрбір жаңалық – адасушылық!» – деп айтты» – деген. (Әбу Дәуіт: 4607; Тирмизи: 2676; Ахмад: 17142).
Ирбад ибн Сария (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды проповедь Посланника Аллаха ﷺ отличалась от обычных. Она так глубоко подействовала на нас, что наши сердца затрепетали, а глаза наполнились слезами. В конце проповеди мы сказали: “О Посланник Аллаха! Эти слова напоминают последнее наставление прощающегося. Оставьте же нам своё последнее завещание – мы внимательно слушаем Вас”. Тогда он сказал: “Я завещаю вам бояться Аллаха и жить в богобоязненности. Слушайте своего правителя и повинуйтесь ему, даже если им станет чернокожий эфиопский раб. Те из вас, кому суждено прожить ещё долго, станут свидетелями множества разногласий и раздоров среди мусульман. Тогда крепко и неуклонно придерживайтесь моего пути и пути праведных халифов. Остерегайтесь также нововведений, впоследствии внесённых в религию. Поистине, каждое нововведение, не имеющее основы в религии, – заблуждение!”» (Абу Дауд: 4607; Ат-Тирмизи: 2676; Ахмад: 17142).