Хадис

Риядус-салихин, № 166

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
16. Сүннетті берік ұстану жайында
Нөмірі
№ 166 (қазақша басылым реті)
166
Риядус-салихин, № 166Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: قَامَ فِينَا رَسُول اللَّهِ ﷺ بِمَوعِظَةٍ، فَقَالَ: «يَا أيُّهَا النَّاسُ، إِنَّكُمْ مَحْشُورونَ إِلَى اللَّه تَعَالَى حُفَاةً عُرَاةً غُرْلًا «كَمَا بَدَأْنَا أَوَّلَ خَلْقٍ نُعِيدُهُ وَعْدًا عَلَيْنَا إِنَّا كُنَّا فَاعِلِينَ» [الأنبياء: 103] ألا وَإِنَّ أَوَّلَ الْخَلائِقِ يُكْسى يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِبراهيمُ ﷺ، ألا وَإِنَّهُ سَيُجَاءُ بِرجالٍ مِنْ أُمَّتي فَيُؤخَذُ بِهِمْ ذَاتَ الشَّمالِ، فَأَقُولُ: يَا رَبِّ أَصْحَابِى. فَيُقَالُ: إِنَّكَ لَا تَدْرِى مَا أحْدَثُوا بَعْدَكَ. فَأَقُولُ كَما قَالَ الْعَبْدُ الصَّالِحُ: «وَكُنْتُ عَلَيْهِمْ شَهِيدًا مَا دُمْتُ فِيهِمْ» إِلَى قولِهِ: «العَزِيزُ الْحَكِيمُ» [المائدة: 117 – 118] فَيُقَالُ لِى: إِنَّهُمْ لَمْ يَزَالُوا مُرْتَدِّينَ عَلَى أعْقَابِهِمْ مُنْذُ فَارَقْتَهُمْ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ бізге айтқан бір уағызында: «Уа, адамдар! Расында, барлығың (қиямет күні) Алланың алдына жалаңаяқ, жалаңаш және сүндеттелмеген күйде жиналасыңдар (яғни, барлығың қайта тіріліп, есепке тартылу үшін Алланың алдына барасыңдар). «Берген уәдеміз бойынша жаратылыс атаулыны әуел баста қалай жаратсақ, (қиямет күні) сол қалпына қайта келтіреміз. Біз берген уәдемізді сөзсіз орындаймыз» («Әнбия» сүресі, 104-аят). Қиямет күні бүкіл жаратылыстың ішіндегі ең алғаш болып үстіне лыпа жабылатын адам Ибраһим (а.с.) болады. Және сол күні үмбетімнен бір топ адам әкелініп, сол жаққа (тозаққа) жөнелтіледі. Мен: «Уа, Раббым! Бұлар менің үмбетім ғой», – деймін. Сонда маған: «Бұлардың сенен кейін не істеп, не қойғандарын білсең ғой!» – деп айтылады. Сол кезде мен Алланың ізгі пендесі Иса (а.с.) секілді: «Бірге болғанымда, оларға қолымнан келгенше бас-көз болдым. Ал мені Өзіңе қайтарып алған соң, олар бір Өзіңнің бақылауыңда болды. Сен барлық нәрсеге толық куәсің (еш нәрсе Сенің бақылауыңнан тыс қалмайды). Егер оларды азаптасаң, шүбәсіз, олар Сенің құлдарың. Ал егер жарылқап кешірсең, расында, Сен аса үстем, теңдессіз даналық Егесісің» («Мәидә» сүресі, 117-118-аяттар), – деп айтамын. Сонда маған: «Шындығында, Сен дүниеден озғаннан кейін, олар хақ діннен алыстаған үстіне алыстай берді» делінеді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 4625; Муслим: 7201; Ахмад: 2096).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что однажды Посланник Аллаха ﷺ, обращаясь к ним с проповедью, сказал: «О люди! Поистине, все вы (в День воскресения) будете собраны перед Аллахом босыми, нагими и необрезанными (то есть все вы будете воскрешены и предстанете перед Аллахом для расчёта). “Как Мы сотворили всё сущее в первый раз, так, согласно данному Нами обещанию, (в День воскресения) вернём его в прежнее состояние. Мы непременно исполним данное Нами обещание” (сура “Анбия”, 21:104).

Первым из всех творений, кого в День воскресения облачат в одежду, будет Ибрахим (мир ему). В тот день приведут группу людей из моей общины и направят налево (в ад). Я скажу: “О Господь мой! Ведь это люди из моей общины!” Тогда мне ответят: “Если бы ты только знал, что они творили после тебя!” И тогда я скажу, как праведный раб Аллаха Иса (мир ему): “Пока я находился среди них, я по мере своих сил присматривал за ними. Когда же Ты возвратил меня к Себе, за ними наблюдал лишь Ты. Ты – Свидетель всего (ничто не остаётся вне Твоего надзора). Если Ты подвергнешь их наказанию, то, несомненно, они – Твои рабы. А если Ты простишь и помилуешь их, то, воистину, Ты – Всемогущий, Обладатель непревзойдённой мудрости” (сура “Маида”, 5:117–118). Тогда мне скажут: “Поистине, после того как ты покинул этот мир, они всё дальше и дальше удалялись от истинной религии”» (Аль-Бухари: 4625; Муслим: 7201; Ахмад: 2096).