عَنْ أَبِى سعيد عَبْد اللَّهِ بْنِ مُغَفَّلٍ، قَالَ: نَهَى رَسُول اللَّهِ ﷺ عَنِ الْخَذْفِ، وَقَالَ: «إِنَّهُ لَا يَقْتُلُ الصَّيْدَ، وَلَا يَنْكَأُ الْعَدُوَّ، وإِنَّهُ يَفْقَأُ الْعَيْنَ، وَيَكْسِرُ السِّنَّ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.
وَفِى رِوَايَة: أَنَّ قَرِيبًا لابْنِ مُغَفَّل خَذَفَ فَنَهَاهُ، وَقَالَ: إِنَّ رَسُول اللَّهِ ﷺ نَهَى عَن الْخَذْفِ، وَقَالَ: «إِنَّهَا لَا تَصِيدُ صَيدًا» ثُمَّ عادَ، فَقَالَ: أُحَدِّثُكَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنْهُ، ثُمَّ عُدْتَ تَخذفُ!؟ لَا أُكَلِّمُكَ أَبَدًا
Әбу Сағид Абдуллаһ ибн Муғаффал (р.а.): «Алла елшісі ﷺ «хазфқа»1 тыйым салып: «Шындығында, ол аңды да өлтірмейді, жауды да жараламайды. Алайда ол көз шығарып, тіс сындырады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6220; Муслим: 5052; Ахмад: 16794).
Басқа бір риуаятта: «Ибн Муғаффалдың (р.а.) бір жақын туысы тас атқан еді, сонда Ибн Муғаффал оған тыйым салып: «Расында, Алла елшісі бұлай тас атуға тыйым салды және: «Шынында, онымен аң аулай алмайсың», – деп айтты», – деді, содан кейін әлгі туысы қайтадан тас атты, сонда ол оған: «Мен саған Алла елшісінің бұған тыйым салғанын айтып тұрсам да, қайтадан тас атудасың ба?! Бұдан былай сенімен әсте сөйлеспеймін!» – деп кейіді», – делінген. (Бұхари: 5479; Муслим: 5053; Ахмад: 2055).
Абу Саид Абдуллах ибн Мугаффаль (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Посланник Аллаха ﷺ запретил хазф1 и сказал: “Поистине, так не убить дичь и не ранить врага. Однако так можно выбить глаз и сломать зуб”» (Аль-Бухари: 6220; Муслим: 5052; Ахмад: 16794).
В другой версии говорится: «Один из близких родственников Ибн Мугаффаля (да будет доволен им Аллах) стал метать камешки. Ибн Мугаффаль запретил ему это и сказал: “Поистине, Посланник Аллаха ﷺ запретил так метать камешки и сказал: ‘Поистине, так невозможно охотиться на дичь’”. После этого тот родственник снова стал метать камешки. Тогда Ибн Мугаффаль укорил его: “Я говорю тебе, что Посланник Аллаха ﷺ запретил это, а ты снова мечешь камешки?! Отныне я больше никогда не заговорю с тобой!”» (Аль-Бухари: 5479; Муслим: 5053; Ахмад: 2055).
- 1Хазф – сұқ саусақ және бас бармақпен тас ату.
- 1Хазф – метание камешков с помощью указательного и большого пальцев.