Хадис

Сапарға жалғыз шықпау және жолаушылардың өз араларынан бір адамды жолбасшы етіп тағайындауы керектігі жайында

О том, что не следует отправляться в путь в одиночку и что путникам следует назначить одного из них старшим

Риядус-салихин, 167-тақырып · 4 хадис · № 959–962

Хадистер

959
Риядус-салихин, № 959Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عمرَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَوْ أَنَّ النَّاسَ يَعْلَمُونَ مِنَ الْوحدَةِ مَا أَعْلَمُ، مَا سَارَ رَاكبٌ بِلَيْلٍ وَحْدَهُ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Егер адамдар жалғыз жол жүру жайлы мен білгенді білсе, бірде-бір салт атты жолаушы түнделетіп жалғыз өзі жол жүрмес еді», – деп айтты», – деген. (Бұхари, 2998).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если бы люди знали о путешествии в одиночку то, что знаю я, ни один всадник не отправился бы ночью в путь один”» (Аль-Бухари: 2998).

960
Риядус-салихин, № 960Риуаят етуші: Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан

عَنْ عمرِو بْنِ شُعَيْبٍ، عَنْ أبيه، عَنْ جَدهِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الرَّاكِبُ شَيْطَانٌ، وَالرَّاكِبَانِ شَيْطَانَانِ، وَالثَّلَاثَةُ رَكْبٌ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Жалғыз жолаушы – шайтан. Қос жолаушы – екі шайтан. Ал үш жолаушы – керуен»,– деп айтты», – делінген (Әбу Дәуіт, 79; Тирмизи, 4).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Одинокий путник – шайтан, двое путников – два шайтана, а трое путников – караван» (Абу Дауд: 79; Ат-Тирмизи: 4).

961
Риядус-салихин, № 961

عَنْ أَبِى سعيد وأبي هُرِيرة رَضِيَ اللَّهُ تَعَالَى عَنْهُمَا، قالا: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا خَرَجَ ثَلَاثَةٌ فِى سَفَرٍ فَليُؤَمِّرُوا أَحَدَهُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) және Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Үш адам бірге сапарға шыққанда, іштерінен біреуін басшы етіп сайлап алсын», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт, 80).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) и Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передали, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если трое отправятся в путь вместе, пусть назначат одного из них своим предводителем» (Абу Дауд: 80).

962
Риядус-салихин, № 962Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عبّاسٍ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ، قَالَ: «خَيْرُ الصَّحَابَةِ أَرْبَعَةٌ، وَخَيْرُ السَّرَايَا أَرْبَعُمِئَةٍ، وَخَيْرُ الْجُيُوشِ أَرْبَعَةُ آلَافٍ، وَلَنْ يُغْلَبَ اثْنَا عَشَرَ أَلْفًا مِنْ قِلةٍ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Жол серіктердің ең қайырлысы – төртеу болғаны, жасақтың ең қайырлысы – төрт жүз сарбаздан құралғаны және әскердің ең қайырлысы – төрт мың жауынгерден тұратыны. Ал он екі мыңдық әскер сан жағынан оңай жеңілмейді»,1 – деп айтқан (Әбу Дәуіт, 2611; Тирмизи, 1555).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Ибн Аббаса (да будет доволен ими обоими Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Лучше всего, когда путников четверо; лучший отряд состоит из четырёхсот воинов, а лучшее войско – из четырёх тысяч воинов. Войско же численностью двенадцать тысяч не будет побеждено из-за малочисленности1» (Абу Дауд: 2611; Ат-Тирмизи: 1555).

  1. 1Ондай қалың әскер егер жеңіліс тапса, демек, себеп санда емес сапада, қару-жарағында немесе дұрыс әрі шебер басқарылмауында деп түсінген жөн.
  1. 1Если столь многочисленное войско потерпит поражение, следует понимать, что причина кроется в качестве, вооружении или недостаточно умелом управлении, а не в его численности.