Хадис

Жол жүру әдебі

Об этикете путешествия: правила остановки для отдыха, ночлега и сна в пути, достоинство ночных переходов и милосердное отношение к верховым животным

Риядус-салихин, 168-тақырып · 7 хадис · № 963–969

Хадистер

Сапарда аялдап дем алу, түнеу, ұйықтау әдебі, түнде жол жүрудің артықшылығы және мініс малдарға аяушылық таныту жайында

963
Риядус-салихин, № 963Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرِيرةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا سَافَرْتُمْ فِى الْخِصْبِ، فَأعْطُوا الْإِبلَ حَظَّهَا مِنَ الْأَرْضِ، وَإِذَا سَافَرْتُمْ فِى الْجدْبِ، فَأسْرِعُوا عَلَيْهَا السَّيْرَ، وَبَادِرُوا بِهَا نِقْيَهَا، وَإِذَا عَرَّسْتُمْ، فَاجْتَنِبُوا الطَّرِيقَ؛ فَإِنَّهَا طُرُقُ الدَّوَابِّ، وَمَأوَى الْهَوَامِّ بِاللَّيْلِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Егер сапарда шүйгінді жермен жүрсеңер, баяу жүріп, түйелерге жерден несібесін беріңдер. Ал егер тақыр жермен жүрсеңдер, (діттеген жерлеріңе тез жету үшін) жүрісті жылдамдатыңдар. Сондай-ақ, түнеу үшін тоқтағандарыңда жолдан аулақ жерге түсіңдер, өйткені ол – жан-жануардың жолы әрі зиянды жәндіктер мен жыландардың түнгі мекені», – деп айтты», – деген (Муслим, 1926).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если во время путешествия вы будете ехать по местности с обильной растительностью, двигайтесь не спеша и дайте верблюдам получить свою долю от земли. Если же будете ехать по бесплодной местности, прибавьте ходу (чтобы скорее достичь места назначения). А когда остановитесь на ночлег, располагайтесь в стороне от дороги, ибо она служит путём для животных и ночным пристанищем для вредных насекомых и змей”» (Муслим: 1926).

964
Риядус-салихин, № 964Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِى قتادة قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا كَانَ فِى سَفَرٍ، فَعَرَّسَ بِلَيْلٍ اضْطَجَعَ عَلَى يَمِينهِ، وَإِذَا عَرَّسَ قُبَيلَ الصُّبْحِ نَصَبَ ذِرَاعَهُ، وَوَضَعَ رَأسَهُ عَلَى كَفِّهِ

قَالَ الْعلماءُ: إِنَّمَا نَصَبَ ذِرَاعَهُ لِئَلاَّ يَسْتَغْرِقَ فِى النَّومِ، فَتَفُوتَ صَلَاةُ الصُّبْحِ عَنْ وَقْتِهَا أَوْ عَنْ أَوَّلِ وَقْتِهَا

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада (р.а.): «Алла елшісі ﷺ әдетте сапарда түнеу үшін тоқтап, ұйқыға жатқанда оң бүйірімен жататын, ал егер таң алдында жататын болса, қолын тосеп, басын алақанына қойып жататын», – деген (Муслим, 683).

Ғұламалар: «Пайғамбарымыз ﷺ терең ұйқыға кетіп, таң намазының уақытын, не болмаса оның бастапқы уақытын өткізіп аламас үшін қолын төсеп жататын», – деген.

Орысша аудармасы

Абу Катада (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Посланник Аллаха ﷺ во время путешествия останавливался на ночлег, он обычно ложился на правый бок. Если же он ложился перед самым рассветом, то опирался на локоть, поднимал предплечье и клал голову на ладонь» (Муслим: 683).

Учёные говорили: «Пророк ﷺ опирался на локоть и поднимал предплечье, чтобы не погрузиться в глубокий сон и не пропустить время утренней молитвы либо самое начало отведённого для неё времени».

965
Риядус-салихин, № 965Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس -رضي اللَّه عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عَلَيْكُمْ بِالدُّلْجَةِ، فَإِنَّ الْأَرْضَ تُطْوَى بِاللَّيْلِ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Алыс жолға шыққанда, түнделетіп жол жүріңдер, өйткені жер түнде түріледі», – деп айтты», – делінген (Әбу Дәуіт, жиһад 57).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Отправляясь в дальний путь, путешествуйте по ночам, ибо ночью земля словно сворачивается» (Абу Дауд: «Джихад», 57).

966
Риядус-салихин, № 966Риуаят етуші: Әбу Сағлаба әл-Хушәни (р.а.)

عَنْ أَبِى ثَعْلَبَةَ الْخُشَنِيِّ قَالَ: كَانَ النَّاسُ إِذَا نَزَلُوا مَنْزِلًا تَفَرَّقُوا فِى الشِّعَابِ وَالْأوْدِيَةِ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ تَفَرُّقكُمْ فِى هَذِهِ الشِّعَابِ وَالْأوْدِيَةِ إِنَّمَا ذلِكُمْ مِنَ الشَّيْطَانِ» فَلَمْ يَنْزِلُوا بَعْدَ ذَلِكَ مَنْزِلًا إِلَّا انْضَمَّ بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْضٍ

Қазақша аудармасы

Әбу Сағлаба әл-Хушани (р.а.): «Әдетте, сахабалар жол жүріп келе жатып, бір жерге аялдағанда (әркім өзіне қолайлы орын іздеп), шатқалдар мен сай-сайды өрлеп кететін еді. Бірде Алла елшісі ﷺ сахабаларына: «Сендердің мына шатқалдар мен сай-сайды жағалап, жан-жаққа кетулерің – шайтаннан (яғни, соның арбауынан)», – деп ескертті. Содан бері олар қай жерге аялдаса да, жұптары жазылмайтын болды», – деген (Әбу Дәуіт, 88).

Орысша аудармасы

Абу Саляба аль-Хушани (да будет доволен им Аллах) сказал: «Обычно, когда сподвижники во время путешествия останавливались где-либо для отдыха, они (каждый в поисках удобного для себя места) расходились по ущельям и оврагам. Однажды Посланник Аллаха ﷺ предостерёг их: “То, что вы расходитесь по этим ущельям и оврагам, – от шайтана (то есть по его наущению)”. С тех пор, где бы они ни останавливались, они держались вместе, не расходясь в разные стороны» (Абу Дауд: 88).

967
Риядус-салихин, № 967

عَنْ سهل بْنِ عَمْرُو – وقيل: سهل بْنِ الربيع بْنِ عَمْرُو الْأنصارِى الْمعروف بابن الْحنظلِيَّة، وَهُوَ من أَهْل بيعة الرِّضْوَانِ، قَالَ: مَرَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِبَعِيرٍ قَدْ لَحِقَ ظَهْرُهُ بِبَطْنِهِ، فَقَالَ: «اتَّقُوا اللَّه فِى هَذِهِ الْبَهَائِمِ الْمُعجَمَةِ، فَارْكَبُوهَا صَالِحَةً، وَكُلُوهَا صَالِحَةً»

Қазақша аудармасы

Ибн әл-Ханзалия деген атпен танымал, Ридуан антын қабылдаған Сәһл ибн әр-Рабиғ ибн Амр әл-Ансари (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ күтімсіздіктің кесірінен қарны қабысып, көтерем болуға шақ қалған түйенің қасынан өтіп бара жатып: «Мына мұңын айтарға тілі жоқ жануарларға қатысты Алладан қорқыңдар! Оларды күйлі кезінде ғана мініп, қоңды болғанда ғана сойыңдар», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт, 44).

Орысша аудармасы

Сахль ибн ар-Раби ибн Амр аль-Ансари, известный как Ибн аль-Ханзалия и принёсший присягу Ридван (да будет доволен им Аллах), сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ проходил мимо верблюда, у которого от недостатка ухода втянулся живот и который едва не дошёл до полного истощения. Увидев его, он сказал: “Бойтесь Аллаха в отношении этих бессловесных животных, не способных поведать о своих страданиях! Ездите на них только тогда, когда они находятся в хорошем состоянии, и закалывайте их лишь тогда, когда они упитанны”» (Абу Дауд: 44).

968
Риядус-салихин, № 968

عَنْ أَبِى جعفر عَبْد اللَّهِ بْنِ جعفر، قَالَ: أردفنِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ذَاتَ يَوْمٍ خَلْفَهُ، وَأسَرَّ إِليَّ حَدِيثًا لَا أُحَدِّثُ بِهِ أَحَدًا مِنَ النَّاسِ، وَكَانَ أحَبَّ مَا اسْتَتَرَ بِهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِحاجَتِهِ هَدَفٌ أَوْ حَائِشُ نَخْلٍ. يَعنِى: حَائِطَ نَخْلٍ

حَائِشُ نَخْلٍ – فَدَخَلَ حَائِطًا لِرَجُلٍ مِنَ الْأنْصَارِ، فَإِذَا فِيهِ جَمَلٌ، فَلَمَّا رَأَى رَسُولَ اللَّه ﷺ جَرْجَرَ وذَرَفَتْ عَيْنَاهُ، فَأتَاهُ النَّبِيُّ ﷺ فَمَسَحَ سَرَاتَهُ – أيْ: سِنَامَهُ – وَذِفْرَاهُ فَسَكَنَ، فَقَالَ: «مَنْ رَبُّ هَذَا الْجَمَلِ؟ لِمَنْ هَذَا الْجَمَلُ؟» فَجَاءَ فَتَىً مِنَ الْأنْصَارِ، فَقَالَ: هَذَا لِى يَا رَسُولَ اللَّهِ. قَالَ: «أَفَلَا تَتَّقِى اللَّهَ فِى هَذِهِ الْبَهِيمَةِ الَّتِى مَلَّكَكَ اللَّهُ إِيَّاهَا؟ فَإِنَّهُ يَشْكُو إِلَيَّ أَنَّكَ تُجِيعُهُ وتُدْئِبُهُ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Жағфар (р.а.): «Бір күні Алла елшісі ﷺ мені артына мінгестіріп алды да, маған бір сыр айтты. Ал мен ол сырды ешкімге айтқан емеспін. Әдетте, Алла елшісі дәретке шыққанда, биік төбенің артына немесе құрма бақшасына жасырынғанды ұнататын. Бірде ол ансарлық бір кісінің құрма бақшасына кіргенде, ішінде бір түйені көреді. Әлгі түйе Пайғамбарымызды көре салысымен, боздай жөнелді де, қос жанары мөлтілдеген жасқа толды. Расулалла оның қасына барып, өркеші мен құлағының түбінен сипағанда, бірден тынышталды. Содан Расулалла: «Мына түйенің иесі кім? Мына түйе кімдікі?» – деп сұрады. Ансарлық бір жас жігіт келіп: «Уа, Расулалла! Бұл менің түйем еді», – деді. Расулалла оған: «Алла Тағала саған нәсіп еткен мына жануар үшін Алладан қорықпайсың ба? Бұл жануар маған сенің оны аш қалдырып әрі ауыр жұмысқа салып әбден зорықтырғаныңды айтып, мұңын шағып тұр», – деп ескертті», – деген (Әбу Дәуіт, 44).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Джафар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ посадил меня позади себя и поведал мне одну тайну, которую я никому не рассказывал. Когда Посланник Аллаха ﷺ отправлялся справить нужду, он обычно укрывался за высоким холмом или в финиковой роще. Однажды он вошёл в финиковую рощу одного из ансаров и увидел там верблюда. Как только верблюд увидел Пророка ﷺ, он жалобно заревел, а его глаза наполнились слезами. Посланник Аллаха ﷺ подошёл к нему и погладил его по горбу и у основания ушей, после чего тот сразу успокоился. Затем Посланник Аллаха ﷺ спросил: “Кто хозяин этого верблюда? Кому принадлежит этот верблюд?” Подошёл один юноша из ансаров и сказал: “О Посланник Аллаха! Это мой верблюд”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ предостерёг его: “Неужели ты не боишься Аллаха в обращении с этим животным, которое Аллах Всевышний даровал тебе? Оно жалуется мне на то, что ты моришь его голодом и доводишь до изнеможения тяжёлой работой”» (Абу Дауд: 44).

969
Риядус-салихин, № 969Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس، قَالَ: كُنَّا إِذَا نَزَلْنَا مَنْزِلًا، لَا نُسَبِّحُ حَتَّى نَحُلَّ الرِّحَال

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Сапарда аялдау үшін бір жерге тоқтағанымызда жануарлардың ер-тоқымдары мен жүктерін шешіп түсірмейінше тәсбих айтуды бастамайтынбыз», – деген (Әбу Дәуіт, 2551).

Оның «тәсбих айтуды бастамайтын едік» дегені – «нәпіл намазға тұрмайтын едік» деген мағынада, яғни, намазға деген құлшынысымыз қанша жерден күшті болып тұрса да, жануарлардың ер-тоқымдары мен жүктерін түсіріп, оларды жеңілдетпейінше намазға тұрмайтынбыз деген мағынада.

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда в пути мы останавливались где-либо на привал, то не приступали к тасбиху, пока не снимали с животных сёдла и поклажу» (Абу Дауд: 2551).

Слова «не приступали к тасбиху» означают: «не вставали на добровольную молитву». Иными словами, как бы сильно мы ни стремились к молитве, мы не начинали её, пока не снимали с животных сёдла и поклажу, облегчая их ношу.